Команда 27 сәуірден бері жеңіске жете алмай келеді
Қазақстан премьер-лигасының 11-тур ойындарының екінші жарыс күні өтті.
Григорий БАБАЯН жаттықтыратын "Астана" клубы тағы жеңілді, деп хабарлайды 1bol.kz.
Бұл жолы Алматыда Шымкенттің "Ордабасы" клубын қабылдап, 0:1 есебімен жол берді. Жеңіс голын 77-минутта Еркебұлан ТҰҢҒЫШБАЕВ соқты. Осылайша, "Астана" 12 ұпаймен турнир кестесінде 9-орынға сырғыды. Команда 27 сәуірден бері жеңіске жете алмай келеді. Бұған дейін Антикор "Самұрық-Қазына" АҚ "Астана" футбол клубына жалпы 50,1 млрд теңге қаржы бөлгенін мәлім еткен еді.
Тағы бір қызықты матч Семейде өтті. Андрей КАРПОВИЧ бұрынғы командасы "Ақтөбені" қабылдады. Бұл ойын аса тартысты өтіп, 2:2 есебімен тең аяқталды. Семейлік жанкүйерлер төреші матч барысында пенальти бермегеніне реніштерін айтты.
Сондай-ақ "Жетісу" мен "Жеңіс" арасындағы кездесуде осындай 2:2 есебімен аяқталды.
Турнир кестесінде "Ақтөбе" мен "Ордабасы" келе жатыр. Екі команданың еншісінде де 19 ұпайдан бар. Үздік үштікті "Қайрат" түйіндеді (18 ұпай).
Фото: kazfootball.kz.
ТАҚЫРЫПҚА ОЙ ҚОСЫП, ПІКІРІҢІЗБЕН БӨЛІСУ ҮШІН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!