ҚР БҒМ: Аттестаттаудан өткен барлық санаттағы педагогтар қыркүйектен бастап үстемақы алады

1964 просмотров
0
Ратель
Понедельник, 10 Фев 2020, 16:54

Аталған заң аясындағы жаңашылдықтар жайында толығырақ ҚР білім және ғылым вице-министрі Шолпан Таңатқызы Каринова айтып берді

2020 жылдың қаңтар айынан бастап "Педагог мәртебесі туралы" Заң күшіне енді. Құжат 21 баптан тұрады және ол мұғалімдердің құқығын қорғау, оларды әлеуметтік қолдауға бағытталған. Заңда ұстаздардың еңбекақысын көтеру, педагогтің кәсіби құзіретіне кірмейтін міндеттер жүктегені үшін айыппұл салу, тәлімгерлік үшін қосымша ақы төлеу сынды жеңілдіктер мен қолдаулар қарастырылған.

Аталған заң аясындағы жаңашылдықтар жайында толығырақ PrimeMinister.kz-ке берген сұхбатында ҚР білім және ғылым вице-министрі Шолпан Таңатқызы КАРИНОВА айтып берді.

— Жаңа Заңның нормалары қазақстандық педагогтар үшін қандай өзгерістер әкеледі? Педагог мәртебесі туралы Заңның мұғалімдердің мәртебесін көтеруде маңызы қандай болмақ?

—Біріншіден, қабылданған Заң педагогтің қоғамдағы биік мәртебесін айқындап берді. Екіншіден, оның құқықтарын, әлеуметтік кепілдіктері мен шектеулерін, міндеттемелері мен жауапкершілігін белгіледі. Заңда "педагог" түсінігі берілді. Заң нормалары мектепке дейінгі, орта, кәсіптік және техникалық білім беру, қосымша білім беру, мамандандырылған, арнайы білім беру ұйымдарының, әдістемелік кабинеттердің педагогтеріне қатысты талаптарды қамтиды.

— Заңда педагогикалық этика мәселесінде қандай жаңашылдықтар қарастырылған және бұл мұғалімдердің жұмысына қалай әсер етеді?

—Педагогикалық этика – барлық білім саласы қызметкерлері үшін өте қажетті норма. Педагогикалық әдеп нормасы бұған дейін де болды. Ал аталған Заң шеңберінде педагогикалық әдеп кеңесі әрбір білім мекемесінде құрылатын болады. Бұл – ұстаздың құқығын қорғауға бағытталған алқалы орган. Алдағы уақыта осы алқалы кеңестің тәртібін реттейтін заңнан төменгі бұйрық қабылданады.

— Заң баптарының бірі мұғалімдерді материалдық ынталандыруға арналған. 2020 жылдан бастап мұғалімдер қандай төлемдер мен жеңілдіктер ала алады? Әлеуметтік кепілдіктер барлық санаттағы педагогтер үшін қарастырылған ба?

— Өздеріңізге белгілі, биылғы педагог қызметкерлердің республикалық тамыз кеңесінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ мұғалімдердің жалақысын алдағы төрт жылда екі есеге өсіруді тапсырды. Осыған байланысты 2020 жылдың қаңтар айынан бастап барлық педагогтің еңбекақысы 25%-ға көбейтілді. Сондай-ақ алдағы оқу жылының 1 қыркүйегінен бастап тәлімгерлік үшін 10 АЕК көлемінде қосымша үстемақы төленетін болады. Бұдан өзге Заң аясында магистр дәрежесі үшін де қосымша ақы төлеу қарастырылған. Бүгінгі күні білім беру мекемелерінде 7000-нан аса магистр дәрежесі бар маман жұмыс істеуде. Тәлімгерлік және магистр дәрежесіне қосылатын үстемақы ай сайын төленетін әлеуметтік кепілдіктер қатарына жатады. Бұл – педагог мамандардың әлеуетін арттыруға бағытталған шара. Айта кететін жайт, әлеуметтік кепілдіктер қатарында педагог дәрежесіне теңестірілген тұлғалардың барлығының да еңбек демалысының кезеңі 56 күнге ұзартылды. Бұл 100 мыңнан аса педагогті қамтиды. Осыған дейінгі уақытта балабақшаларда немесе қосымша білім беру мекемелерінде жұмыс істейтін педагогтердің еңбек демалысы 42 күнді құраса, қазір мектеп мұғалімдерінің демалыс күнімен теңестіріліп, 56 күн болып белгіленді. Сонымен қатар еңбек демалысына шықан кезде төленетін бір лауазымдық жалақы көлеміндегі сауықтыру жәрдемақысы сақталады. Сонымен қатар ұстаздардың дәптер тексеруі мен сынып жетекшілігі үшін төленетін ақыны екі есе өсіру қарастырылған. Бұл алдымыздағы жаңа оқу жылынан бастап төленетін болады.

— Педагогтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесінде өзгерістер бола ма? Оларға тұрғын үйді жеңілдікпен алу мүмкіндігі беріле ме?

— Әрине, мүмкіндік бар. ҚР заңнамаларында көрсетілген тәртіпте қызметтік үй алу, жатақханалардан орын беру қарастырылған.

— Ауылдық елді мекендерде қызмет ететін педагогтерге заң аясында қандай әлеуметтік қолдау шаралары қарастырылған?

— Ауылдық жерде тұратын және жұмыс істейтін педагогке жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша педагогикалық қызметті қала жағдайында жүзеге асыратын педагогтердің ставкасымен салыстырғанда 25%-дан кем емес көлемдегі жалақы мен тарифтік мөлшерлеме қарастырылған. Бұл ауылдық білім мекемелерінде қызмет ететін барлық педагог мамандарға қатысты. "Дипломмен – ауылға" бағдарламасы аясында да педагогтер қажетті әлеуметтік кепілдіктермен қамтамасыз етіледі. Биылғы оқу жылының өзінде он мыңнан аса жас маман жұмысқа орналасты. Осы категориядағы мұғалімдер үшін бұл Үкімет тарапынан беріліп отырған қолдау.

— Жаңа Заң педагогтер үшін мотивациялық сипатқа ие. Мысалы, халықаралық олимпиаданың жеңімпазын немесе жүлдегерін дайындаған педагог сыйақы алады. Мұндай жаңашылдық оқушылардың білім деңгейін арттыруға ықпалын тигізе ме?

— Ескере кететін бір жайт, қазіргі уақытта олимпиадаларға, ғылыми жобаларды қорғауға оқушылардың қызығушылығы жоғары, сәйкесінше, қатысушылар да көп. Республикалық, халықаралық олимпиадалар бойынша уәкілетті орган — ҚР Білім және ғылым министрлігінің тізбесі жасалған. Осы тізбеде олимпиада жеңімпаздарын дайындаған мұғалімдерге әр мекеменің ішіндегі үнемделген қаражат есебінен 300 АЕК көлемінде үстемақы төлеу қарастырылған. Бұл елімізде дарынды балаларды қолдау, таланттарды танытуға септігін тигізеді деп білеміз. Ескеру керек, олимпиадалық жұмыстарға қатыстыру тек қана білім беру стандарттарына ғана сай емес, стандарттан тыс, одан жоғары тұрған талаптарға сәйкес келетін балаларды дайындау болып саналады. Сондықтан аталған бағытта ұстаздардың еңбегі зор.

— Мұғалімдер педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау курстарынан қайда және қаншалықты жиі өте алады?

— Педагог бес жылда кемінде бір рет біліктілігін арттыруға құқылы. Педагогтің біліктілігін арттыру мақсатында қосымша білім беру бағдарламалары бойынша біліктілікті арттыру курстарында оқу бір уақытта және үздіксіз, сондай-ақ кезең-кезеңмен, оның ішінде жекелеген бағыттарды, сабақтарды, пәндерді (модульдерді) меңгеру арқылы жүзеге асырыла алады. Мысалы, бірінші ретте педагог өз пәні бойынша курстық даярлаудан өтетін болса, келесі жолы тәрбие жұмысына байланысты, одан кейін жеке тұлға ретінде даму, психологиялық даму курстарынан өтуге мүмкіндігі бар. Бұл мұғалімнің бүгінгі қоғамның талабына сай, жан-жақты дамуына, педагогикалық шеберлігін арттыруға септігін тигізеді деп білеміз. Ал педагогикалық қайта даярлау педагогикалық мамандығы жоқ, бірақ осы салада жұмыс істей алатын қызметкерлер үшін қарастырылған. Сондықтан нақты педагогикалық білімі жоқ мамандар болатын болса, олар тиісті деңгейдегі қайта даярлау курстарынан өтіп, тиісті кредит санын алып, одан кейін осы мамандық бойынша қызмет етуіне болады. Ескерерлік жайт, бізде педагогтер тапшылығы бар. Биылғы оқу жылында бес мыңға жуық маман тапшылығы болып, жаңа оқу жылында жоғары және кәсіби техникалық білім мекемелерінен педагог мамандығын алып шыққан жас мамандар жұмысқа тартылды. Бұл – жыл сайын қайталанатын үрдіс. Сондықтан осы мәселені шешуде қайта даярлау курстары маңызды рөл атқарады деп есептейміз.

— Заң аясында педагогтердің біліктілік санатына байланысты қандай жаңашылдық бар?

— 2018 жылы Елбасы Н. НАЗАРБАЕВТЫҢ тапсырмасымен бірыңғай жүйе жасалды. Осы уақытқа дейін тек қана мектептерде жұмыс істейтін мұғалімдерге біліктілік санатына байланысты 30%-дан 50%-ға дейін үстемақы төленетін. Ал жаңа Заң бойынша қазіргі күні мектепке дейінгі білім мекемелерінде, қосымша білім беретін мекемелерде және кәсіби-техникалық білім беру мекемелерінде жұмыс істейтін педагогтер үшін де санатына байланысты біліктілігін арттыру қарастырылған. Осы бойынша бүгінгі күні тәртіптемені, ережені бекіту жұмысы жүргізіліп жатыр. Алдағы наурыз айынан бастап барлық санаттағы мұғалімдер аттестаттаудан өтетін болады. Алдымыздағы оқу жылында, яғни 2020 жылдың қыркүйегінен бастап өздеріне тиісті үстемақыны алатын болады. Екіншіден, осы Заң аясында басқару жұмысындағы педагогтерге, яғни білім беру мекемелерінің директорлары мен орынбасарлары үшін үлкен кепілдіктер қарастырылған. Осыған дейін бұл санаттағы педагогтердің жалақысы төмен болып келді. Қазіргі уақытта елімізде 7000-нан аса мектеп, 827 колледж және 10 мыңнан аса мектепке дейінгі білім беретін мекеме мен балабақша жұмыс істейді. Солардың барлығының да басшылары аттестаттаудан өтіп, еңбекақыларын 30%-дан 50%-ға дейін көтеру мүмкіндігі бар. Алдағы оқу жылында аталған санаттағы педагогтердің де еңбекақысы көтерілетін болады. Мектеп басшысының да, орынбасарының да еңбекақысы білім беру ұйымындағы білім сапасының артуы, оқушылардың тәртібі, педагогикалық ұжымның жетістіктері сияқты критерийлерге байланысты болады.

— Мектеп мұғалімдерінің апталық оқу жүктемесін 18 сағаттан 16 сағатқа дейін төмендету – бүкіл педагогикалық қоғамдастық үшін аса маңызды. Осы жаңашылдыққа байланысты білім беру жүйесі қалай өзгеруі мүмкін?

— 2018 жылғы Жолдауында Елбасы Н. Назарбаев білім беру ұйымдарындағы қызметкерлерді ынталандыру, олардың жүктемесін азайту, тосын тексерулерден қорғауға қатысты тапсырмалар берді. Осы орайда жаңа Заң аясында 2021 жылдан бастап жалпы орта білім беретін мектептердегі педагогтердің оқу жүктемесін 18 сағаттан 16 сағатқа дейін төмендету қарастырылды. Бұл жалпы білім беру стандартына, типтік оқу жоспарына және оқу бағдарламасына сай норма және мұғалімнің шығармашылықпен айналысуына, оқушылармен жеке жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. Қазіргі күні бұл бағыт бойынша жұмыстар жалғасуда. Алдағы уақытта бейінді министрлік нақты ереже қабылдайтын болады.

— Педагогті оның кәсіби міндеттеріне байланысты емес жұмыс түрлеріне тартуға жол бермеу бойынша қандай шаралар қолданылатын болады?

— Біз мұғалімнің мәртебесі туралы айтып отырған жағдайда оның негізгі мақсаты, функционалдық міндеті оқушыға білім мен тәрбие беру екендігін ұмытпауға тиістіміз. Сондықтан мұғалім өзінің кәсіби функцияларымен тиісті деңгейде айналысу үшін Заң аясында белгілі бір норма қарастырылған. Алдағы уақытта мұғалімді оның кәсіби міндеттеріне байланысты емес жұмыс түрлеріне тартқаны үшін айыппұл салынатын болады. Бұл – қоғамда орын алған жайттарға байланысты мұғалімдердің сұрауы бойынша қарастырылған мәселе. Бұл педагогтің жұмысын әрі қарай реттеуге, жұмыс сапасын арттыруға мүмкіндік береді деген ойдамыз.

— 2020 жылы барлық қала мектептерінде жан басына шаққандағы қаржыландыру енгізілуде. Ол орта білім сапасына қалай әсер етеді? Бұл жүйе қандай проблемалық мәселелерді шеше алады?

— Жан басына шаққандағы қаржыландыру нормасы білім берудің әрбір деңгейінде қарастырылған. Бұл жүйе бүгінгі күнге дейін мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде ғана болды. Өткен жылдан бастап орта білім беру мекемелерінде де енгізілді. Бұл норма әр мектептің өзіне бөлінген тиісті қаражаты есебінен үнемдеу, қаржыны қажетті жағдайға жұмсау бойынша үлкен кепілдіктер береді. Сондай-ақ ол мектептің материалдық-техникалық базасын жақсартуды, қызметкерлерге қандай да бір жетістіктері үшін қосымша үстемақы белгілеуді көздейді. Бүгінгі күні 400-ден аса мемлекеттік және 80 жекеменшік білім мекемелерінде жан басына шаққандағы қаржыландыру енгізілген.

— Заң аясындағы жаңашылдықтарды жүзеге асыруда бюджеттен қанша қаражат бөлінеді?

— Білім мен ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы бекітілді. Даму бағдарламасына арналған құжат бойынша білім саласына 11,5 трлн теңге қарастырылған.

KAZINFORM.

Фото: Psychologies.

философия ғылымдарының кандидаты
НДС = Не Деген Сұмдық.
Власть в Казахстане перешла к большевикам в Brioni
Главный лозунг дня: взять под контроль все расходы населения и сделать честные заработки незаконными
Что мешает судьям Карагандинского областного суда вершить правосудие
Израильское оборудование оказалось настолько хорошим, что стало невозможно проводить заседания
Крушение азербайджанского самолёта под Актау: как Казахстан оказался в центре мирового скандала
Анонимные источники в Азербайджане утверждают, что Баку располагает фрагментами ракеты Панцирь-С1
Деньги для бюджета не только в новой ставке НДС, но и в закромах "Самрук-Казыны"
Про источник, из которого можно довольно быстро пополнить госказну, не снимая последнюю рубашку с бизнесменов и ИП-шников
Можно ли победить бюрократию
Дональду Трампу, если он хочет ослабить бюрократический аппарат, следовало бы заняться восстановлением уровня демократии в стране и общественной консолидацией
Как Китай отключают от премиальных рынков США и Европы
Казахстан, если правильно подсуетится, вполне может найти своё место на этой глобальной поляне мировой реиндустрилизации
Что творилось в алма-атинских банях в те времена, когда ещё не ведали про "сауны с массажистками"
Репортаж из прошлого от Андрея Михайлова
Хон Бом До: долгая дорога домой
О старом кладбище Кызылорды
Просто об американском, китайском и казахском искусственном интеллекте
Почему создатели ChatGPT не любят DeepSeek, а создатели казахского ИИ любят всех, особенно Meta, который коверкает в ФБ казахский язык
Гаджет, Черчилль и наши дети
Чтобы увидеть реальную картину, насколько дети погружены в зависимость от телефонов и игр, пора разработать диагностические экспресс-методики зависимого поведения
В дорогом ночном заведении Morgunov посетителям, как в сельском клубе, надо фотографировать свою одежду
Придя отдохнуть в это заведение, девушка лишилась шубы за полтора миллиона тенге
В ВКО дети сбежали из спецшколы и едва не замёрзли
Власти уверяют, что ситуация под контролем, а общественники утверждают, что в учреждении издеваются над воспитанниками
Во время строительства котельной в Сарани украли почти полмиллиарда тенге
Антикоррупционная служба ведёт уголовное расследование
В СКО в пожаре погибли пять человек
По данным ДЧС, в числе жертв – трое детей
Стаи одичавших собак терроризируют жителей Жетысу
Если одни животные нападают на людей, то другие режут скот и птицу прямо в сараях собственников
К семи годам приговорен военный по делу о смерти известного археолога Жагипарова во время Кантара
Иск потерпевших был удовлетворён
Наркоман-закладчик так воровал “на работе”, что полиции его сдал сам куратор
Закладчик получал товар для закладок, который использовал “на собственные нужды”, а куратору посылал фальшивые фотоотчёты о пустых тайниках. На все претензии “магазина” он божился, что “не при делах”
Когда правительство возьмётся за яйца
Прагматично-патриотическое молодёжное движение издало "Ежедневник строителя Второй Республики" с цитатами президента
Исповедь молодого сантехника и молодого акима. Часть 1
- ВЛАДИМИР, огромное Вам человеческое спасибо от всей души и чистого сердца, самое главное здоровья и ещё раз здоровья. На таких людях как Вы, города и держатся. Профессионалов как Вы, необходимо ставить руководителями, которые знают проблему из внутри. Ещё раз ОГРОМНОЕ СПАСИБО!!!!!!!
Когда правительство возьмётся за яйца
- Просто шедевральная статья. Особенно в точности описывает функции партий, которые описаны в данной статье. Изречения которые должны быть прочитаны и приняты во внимание. Самое главное чтобы данный ежедневник был прочитан и принят во внимание. (Про выражение где фигурирует Троцкий просто ШЕДЕВРАЛЬНО и в точку)...
Отчего после публикаций Ratel.kz нервничают в ТОО "AB Energo"
- Сергей, ОГРОМНОЕ Вам спасибо за новое расследование. Всегда держите в напряжение. Ожидаем продолжение... (Интересно, что скажет ещё на это и ГУ "Аппарат акима Абайского района Карагандинской области)
Премьер Смаилов как аманат Назарбаева
- Спасибо большое , здоровье и удачи Вам и Вашим близким, то что Вы творите лучше всех государственных программ по воспитанию . Готовая программа к действию для улучшения жизни населения. Огромное удовольствие что у нас имеется такие журналисты и такой коллектив.
Депутатский запрос фракции "Ак жол": чем комитет гражданской авиации занимался пять лет
- Если случится ещё трагедия , то кого будут винить опять? Всех собак спустили на авиакомпанию Bek Air, хотя надо было просто решать проблему с незаконными постройками намного раньше этой катастрофы. Нельзя это так оставлять. Всех пересажать за коррупцию , кто являлся корнем проблемы!
Все дороги ведут в Каражал: горькая начинка "сладкого пирожочка"
- Огромное спасибо автору за проделанную работу! Только в нашей группе более 100 человек постравших от этой компании в лице гендиректора Максата Токмагамбетова, бессовестного, наглого мошенника, который почему-то до сих пор остаётся безнаказанным, хотя прокуратура и следственные органы завалены сотнями, сотнями заявлений пострадавших. Но мы не остановимся и будем добиваться, чтобы этот "человек", наконец-то, понёс наказание!
Как аким Досаев уничтожает Алматы и рейтинги президента Токаева
- Каменское плато- в р-не обсерватории идет застройка, хотя весной сошел оползень на ул Алмалыкской. Акимат частично помог организовав сброс воды с вышележащего участка на нижнюю часть улицы и домовладельцу в расчистке. Но других мер по предотвращению развития оползневой зоны не принято. Вырублен сад, на месте его строится элитный комплекс Вилла Белгравиа. Летом, здесь нехватка воды, отключения электроэнергии, что будет при вводе в эксплуатацию этого, т.к.доп коммуникаций застройщик не делает.