Премьер-министр тұрғындар мәселесін шешуде төмен көрсеткіштері бар облыстарды атады

1526 просмотров
0
Ратель
Вторник, 31 Янв 2023, 12:45

Осы орайда Ә.Смайылов Ақтөбе, Қостанай облыстары мен Алматы қаласындағы оң тәжірибені атап өтті.

Халықпен кездесу өткізбеген министрлік басшыларының қандай да бір сылтау айтуы орынсыз. Бұл туралы Үкімет отырысында премьер-министр Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Читайте также
Қазақстан тарихында алғаш рет: Елена Рыбакина әлемнің 10-ракеткасы атанды

"Цифрлық даму, Еңбек, Энергетика және Төтенше жағдайлар министрліктері халықпен кездесулерді алдын-ала хабардар ете отырып, сапалы ұйымдастырды. Қорытындысы туралы арнайы брифингтер өткізді. Сонымен қатар кейбір министрлік басшылары жоспарланған 15 кездесуді өткізген жоқ. Мәселен, Индустрия министрлігі екі облыста кездесу өткізген жоқ. Энергетика және Ішкі істер министрліктерінде де осындай жағдай. Бұл жерде қандай да бір сылтау айту орынсыз. Ешқандай себеп қабылданбайды", - деді Ә. Смайылов.

Осы орайда Үкімет басшысы жоспарланған барлық кездесуді өткізу керек екенін айтты.

"Оған вице-министрлерді де тарту қажет. Бұл азаматтарды көбірек қабылдауға мүмкіндік береді. "Әкім бол – халқыңа жақын бол" дейді. Бізге ашық және нақты байланыс қажет. Халық үніне құлақ асатын мемлекет үшін мұндай іс-шаралар халықпен қарым-қатынастың маңызды құралына айналуы тиіс. Ел ішінде әкімдердің кездесулерін асыға күтеді, өйткені сұрақтардың көпшілігі жергілікті жерлерге қатысты. Сондықтан, олар жаңа форматта өткізіліп жатыр. Яғни, әкімнің өзі аудандарға жиі шығып, халықпен кездесіп тұратын болады. Бұл қатысушылар санын айтарлықтай арттырып, көп мәселені шешуге мүмкіндік береді. Есептерге қарасақ, әкімдермен кездесулерде проблемалардың шамамен 99 пайызы шешімін табады", - деді премьер-министр.

Осы орайда Ә.Смайылов Ақтөбе, Қостанай облыстары мен Алматы қаласындағы оң тәжірибені атап өтті.

"Ал, Алматы, Батыс Қазақстан және Атырау облыстарында тұрғындардың проблемасын шешу көрсеткіштері әлі де төмен", - деді Үкімет басшысы.

Фото: primeminister.kz.

Оставьте комментарий

- зампредседателя Комитета торговли МТИ РК
- В соответствии с действующим законодательством максимальная торговая надбавка на социально значимые продовольственные товары не должна превышать 15 процентов.
Максим Крамаренко: С помощью дипломатии БПЛА, Украина пытается «загнать» в стан своих союзников Казахстан
Комментарий руководителя ИАЦ «Институт евразийской политики»
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай
Сергей Пономарёв: Роспуска Мажилиса и досрочных выборов не будет
Депутат Мажилиса Республики Казахстан о планах работы парламента в новом году
Терроризм в странах СНГ: как менялась угроза после распада СССР
От войн и «больших» захватов заложников к точечным атакам и транснациональным сетям
Новый статус Алматы: кому дали бата на площади Абая?
Что поможет самому большому городу Казахстана сформировать свой уникальный туристский бренд
Матрос морской пехоты создает картины о героях истории Казахстана