Оңтүстік Кореяда коронавирус жұқтырған тағы үш оқиға тіркелді

2228 просмотров
0
Ратель
Понедельник, 03 Фев 2020, 10:05

87 адам мұқият тексеріп шығу үшін карантинде жатыр

Жексенбі күні оңтүстік Кореяда коронавирустың жаңа түрін жұқтырған тағы үш оқиға тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ренхап-қа сілтеме жасап.

Читайте также
Один из казахстанских студентов в Ухане не смог выехать на родину специальным бортом

Осылайша коронавирустың жаңа түрін жұқтырғандар 15-ке жетті. Айта кету керек, 87 адам мұқият тексеріп шығу үшін карантинде жатыр.

Ауруларды бақылау және алдын алу жөніндегі корей орталығы 28 жастағы 13-ші науқасты жұма күні Қытайдың Ухан қаласынан жеткізілген 368 адамның бірі екенін хабарлады.

Алғаш келгенде ер адамнан жаңа коронавирустың ешқандай белгісі болмаған және оны Сеулден оңтүстік-батысқа қарай 90 шақырым жерде Асандағы мемлекеттік мекемеге орналастырған. Келесі күні ол өзін жайсыз сезінген. Сынама одан коронавирустың бар екенін көрсеткен. Денсаулық сақтау агенттігінің хабарлауынша, ер адам дереу ел астанасындағы ауруханаға жеткізіліп, карантинге жатқызылды.

"Уханнан келген адамдардың бірінші легінен бір адамнан басқасында вирус табылмады. Сенбі күні елге ұшып келген 333 корейдің жетеуі мұқият тексеруден өтті. Олардың ағзаларынан вирус табылған жоқ. Дегенмен, қалған 326 адамды тексеру жалғасуда", - деп хабарлады орталықтан.

Коронавирустың жаңа түрін жұқтырған 14-ші адам – вирус жұқтырған ер адамның 40 жастағы әйелі. Оның ағзасындағы вирус өткен сенбі күні табылды.

Орталықтың хабарлауынша, он екінші науқас – Жапонияда гид болып жұмыс істеген қытайлық. Ол байланысты болған күншығыс елінің азаматтарына вирус диагнозы қойылған. 19 қаңтарда гид Оңтүстік Кореяға келген, бірақ келгеннен кейін коронавирус белгісі байқалмағандықтан, ол емін-еркін жүрген.

Читайте также
Коронавирус не терпит слухов

Корейлік орталық елде жүргенде онымен байланыста болған 138 адамның анықталғанын хабарлады. Қазіргі уақытта орталық қызметкерлері аталған гидтен коронавирус жұқтыруы мүмкін адамдарды іздеуде.

Ал он бесінші ауру жұқтырған науқас 43-жасар оңтүстікореялық вирус ошағы Уханда болған. Ер адам елге 20 қаңтарда оралған. Билік оның бақылауда екенін мәлімдеді.

Кореялық ауруларды бақылау және алдын алу орталықтары науқас адамдардың қай жерлерге барғанын анықтап жатры. Сол арқылы инфекция жұқтыруы мүмкін адамдардың санын анқытау көзделіп отыр.

Үкіметтің қолға алған ауқымды шараларына тоқтала кететін болсақ, Ухань қаласы мен Хубэй провинциясынан адамдардың келуіне шектеу жарияланды, ел азаматтарының денсаулығы үшін қауіп төндіруі мүмкін кез келген адам аурудың беті қайтқанша оқшаулайтын қатаң шара қолданылатыны мәлім етілді.

KAZINFORM.

Фото: ©standard.co.uk.

- зампредседателя Комитета торговли МТИ РК
- В соответствии с действующим законодательством максимальная торговая надбавка на социально значимые продовольственные товары не должна превышать 15 процентов.
Как настоящее ремесло может вернуть себе рынок?
Новый Евразийский совет открывает глобальные площадки для настоящих мастеров
Самые высокие цены на продукты - в Алматы, Мангистауской и Атырауской областях
Почему казахстанцы переплачивают за еду: разница цен на мясо, молоко и курицу между регионами достигла 30%
LRT, Халық Кеңесі, саммит ОТГ и громкие уголовные дела: главные новости недели
Ratel.kz собрал самые заметные события с 11 по 16 мая - от политических законопроектов и запуска столичного LRT до задержаний, коррупционных расследований и судебных решений
Мурат Абдушукуров: Высшая форма патриотизма – посвятить жизнь служению Родине
Во время Кантара ветераны Афганистана и локальных конфликтов организовали охрану больниц и патрулирование в Алматы
Бездомные животные: закон есть, системы – нет
Почему ставка на массовое уничтожение не снижает ни численность, ни риски, и что на самом деле не сработало в действующей модели
Криптоплатеж при Президенте
Казахстан в ДТП каждый год теряет небольшой город
Главный редактор журнала «За рулём» комментирует ДТП на Аль-Фараби
В чьих интересах бомбили КТК?
Атаки беспилотников на Каспийский трубопроводный консорциум ударили по экономике Казахстана
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай