Қордайдағы оқиға: президент бірқатар лауазымды тұлғаны қызметінен босатуды тапсырды

1812 просмотров
0
Ратель
Понедельник, 10 Фев 2020, 14:15

7 ақпан күні Жамбыл облысының Қордай ауданындағы Масанчи ауылының тұрғындары арасында жаппай төбелес болды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар лауазымды тұлғаны жауапкершілікке тартуды тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Читайте также
Қордай ауданына алғашқы гуманитарлық көмек жетті

"ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысының әкімі А.Мырзахметовке Жамбыл облысы, Қордай ауданында кісі өліміне, тұрғын үйлердің қирап, азаматтардың дүние-мүліктерінің бүлінуіне әкеп соқтырған оқиғаға байланысты облыс әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары С.Құрманбекованы және Қордай ауданының әкімі Б.Байтөлені жұмыстарына салғырт қарағаны үшін қызметінен босатуды тапсырды.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы ҚР Ішкі істер министрі Е.Тұрғымбаевқа Жамбыл облысы Полиция департаментінің бастығы А.Оразалиевті және Қордай аудандық полиция бөлімінің бастығы А.Айқымбековті қызметінен алуды тапсырды", - делінген Ақорда сайтында.

Еске салайық, 7 ақпан күні Жамбыл облысының Қордай ауданындағы Масанчи ауылының тұрғындары арасында жаппай төбелес болды. ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бұзақылық сипаттағы жаппай төбелесті арандатушылар өз пайдасына қолданбақ болғанын мәлімдеді.

Сондай-ақ вице-премьер Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен үкіметтік комиссия құрылатынын, қаза болғандарды жерлеу, зардап шеккендерге көмектесу жұмыстары ұйымдастырылатынын, қоғамдық тәртіпті бұзғандар анықталып, қатаң жауапқа тартылатынын мәлім етті. Бас прокуратураға, Ұлттық қауіпсіздік комитетіне тиісті тапсырма берілді.

Читайте также
Бердібек Сапарбаев Қордай ауданында түнгі қауіпсіздіктің қамтамасыз етілуін тексерді

Тәртіпсіздіктер кейін Қордай, Ауқатты, Сортобе елді мекендерінде де болған.

8 ақпан күні Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев пен Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев оқиғаға қатысты елордадағы Орталық коммуникациялар қызметінде баспасөз мәслихатын өткізді. Мәлім етілгендей, жанжалға басқа ауылдардан келген 300-ден астам адам қосылған. Екі жақ бір-біріне тас лақтырып, таяқпен ұрып, қару қолданған. Оқиға орнында 8 адам, ауруханада 2 адам көз жұмды. 9 ақпан сағат 11.00-дегі мәлімет бойынша, медициналық көмекке 165 адам жүгінген. Тұрғылықты жері бойынша медициналық ұйымдарға - 140 адам, Қырғызстандағы медициналық ұйымға - 25 адам жеткізілді.

"Қазақстандағы ауруханаға жатқызылғандардың ішінде тұрақты ауыр жағдайда 30 адам, ал аса ауыр жағдайда 8 адам бар. Қайтыс болғандардың саны – 10. Оқиға орнында 8, ал тағы 2 адам медициналық мекемеде қайтыс болды. Қазіргі таңда әлі 8 адам жансақтау бөлімінде жатыр", - деді Ләззат Ақтаева.

Жанжалдарға қатысы бар деген күдікпен 47 адам ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді. Олардан екі аңшы қаруы тәркіленді. Кейін олардың 44-і босатылды.

ҚР Қылмыстық кодексінің 272-бабы (жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастыру және соған қатысу) және 99-бабы (кісі өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Читайте также
Мал бордақылауға субсидия алынып тасталды

Қордай ауданында төтенше жағдай жарияланды. Бердібек Сапарбаев басшылық еткен үкіметтік комиссия аудан тұрғындарымен кездесті, Қордай ауданында түнгі қауіпсіздіктің қамтамасыз етілуін тексерді, этно-мәдени бірлестік басшыларымен жүздесті, қаза тапқандардың үйіне барып, көңіл айтты. Зақымдалған нысандарды қалпына келтіру жұмыстары басталды.

ҚР ІІМ мәліметінше, Қордайдағы жаппай тәртіпсіздік көршілес екі ауыл тұрғындары арасында басталған.

"Әу баста, яғни 5 ақпанда екі ауылдың тұрғындары ұстасып қалған. Тұрмыстық қақтығысқа қатысқандардың бірі қазір ұсталып, қалғандары ауданнан шықпайтыны жөнінде қолхатпен босатылды. Ауыр жүк көлігі үйден шығып келе жатқан кезде жолда келе жатқан автокөлікпен жолға таласып қалған.Көліктерде үш-үш адамнан болған. Ақыры өзара жанжал соңы төбелеске ұласып кеткен", - деді ІІМ орынбасары Алексей Калайчиди ОКҚ-да.

Сондай-ақ ол жол үстінде төбелескен алты кісінің арасында егде жастағы адамның болғанын растады. "Ол төбелес кезінде зардап шеккен... Жалпы қазір біз барлық тараған ақпаратқа талдау жүргізіп отырмыз. Ол жерде жүзге тарта адам болған. Олардың әрқайсысының сол жерге келу мотивін зерттеп жатырмыз", - деді ол.

- зампредседателя Комитета торговли МТИ РК
- В соответствии с действующим законодательством максимальная торговая надбавка на социально значимые продовольственные товары не должна превышать 15 процентов.
Сергей Пономарёв: Роспуска Мажилиса и досрочных выборов не будет
Депутат Мажилиса Республики Казахстан о планах работы парламента в новом году
Командный шаг Президента: что меняет назначение Айбека Смадиярова
Впервые во главе внутренней политики оказался кадровый дипломат и медийщик
Народная дипломатия без протокола: второй путь Казахстана во внешней политике
Почему народная дипломатия становится ключевым инструментом международного взаимодействия Казахстана
Терроризм в странах СНГ: как менялась угроза после распада СССР
От войн и «больших» захватов заложников к точечным атакам и транснациональным сетям
Для Казахстана, Кыргызстана и Таджикистана ОДКБ – механизм, призванный предотвращать внутреннюю дестабилизацию
Для Минска ОДКБ выступает институтом, укрепляющим военно-политическое сближение с Москвой
Станет ли озеро Балхаш зоной туризма?
В Карагандинской области создают туристическую индустриальную зону
Кто изгнал стаи ворон из Алматы?
Живописный Казахстан: взгляд Андрея Михайлова
Новый статус Алматы: кому дали бата на площади Абая?
Что поможет самому большому городу Казахстана сформировать свой уникальный туристский бренд
Народная дипломатия без протокола: второй путь Казахстана во внешней политике
Почему народная дипломатия становится ключевым инструментом международного взаимодействия Казахстана