Олимпиадаға іріктеу турнирі: боксшы Әбілхан Аманқұл жекпе-жекті жеңіспен бастады

1625 просмотров
0
Ратель
Пятница, 06 Мар 2020, 10:40

Отандасымыз алғашқы айналымда Оңтүстік Корея боксшысы Ким Чже Жинсеймен жұдырықтасып, айқын басымдылықпен жеңіске жетті

Иорданияның Амман қаласында өтіп жатқан бокстан Олимпиадаға іріктеу турнирінде 75 келі салмақта ел намысын қорғаған Әбілхан АМАНҚҰЛ алғашқы айқасын жеңіспен бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Читайте также
​​​​​​​Экономика европейского футбола

Отандасымыз алғашқы айналымда Оңтүстік Корея боксшысы КИМ Чже Жинсеймен жұдырықтасып, айқын басымдылықпен жеңіске жетті.

Аса тартысты өткен жекпе-жек қорытындысы бойынша төрешілер бір ауыздан Аманқұлды жеңімпаз деп тапты. Осылайша, жерлесіміз жарыстың 1/4 айналымына жолдама алды.

Енді Әбілхан Аманқұл жартылай финалға өту үшін өзбекстандық Фанат ҚАХРОМОНОВПЕН қолғап түйістіреді.

Естеріңізге саа кетейік, осыған дейін Ғалымбек КЕНЖЕБАЕВ баптайтын тағы екі боксшымыз шаршы алаңға шығып екеуі де алғашқы қарсыластарынан басым түсіп келесі айналымға өткенін жазған болатынбыз.

Олардың бірі Зәкір САФИУЛЛИН болса, екіншісі Бекзад НҰРДӘУЛЕТОВ. Осылайша бүгін шаршы алаңға шыққан 3 боксшымызда жекпе-жегін жеңіспен бастады.

Айта кетейік, аталған іріктеу турнирде Олимпиада ойындарына барлығы 63 лицензия үлестіріледі. Жолдамаға Қазақстаннан ерлерден 8 салмақ, әйелдерден 5 салмақ санатында жалпы 13 боксшы сынға түсіп жатыр.

Читайте также
Руководителей "AstanaProTeam" и "AstanaMotosports" подозревают в крупном хищении

Атап айтқанда, ерлерден 52 келі салмақта Сәкен БИБОСЫНОв, 57 келіде Серік ТЕМІРЖАНОВ, 63 келі салмақта Зәкір Сафиуллин сынға түссе, қазақтың "салмағы" атанып кеткен 69 келіде Абылайхан ЖҮСІПОВ ел намысын қорғайды. Ал 75 келі салмақ санатында Әбілхан Аманқұл, 81 келіде Бекзад Нұрдәулетов, 91 келі салмақта Василий ЛЕВИТ Олимпиада жолдамасына таласады.

Әйелдер боксынан 51 келіде Ангелина ЛУКАС, 57 келіде Дәметкен КЕЛІМБЕТ шаршы алаңға шығады. 60 келі салмақта Римма ВОЛОСЕНКО, 69 келіде Валентина ХАЛЬЗОВА сынға түссе, 75 келі салмақта Надежда РЯБЕЦ жұдырықтасады.

KAZINFORM.

- зампредседателя Комитета торговли МТИ РК
- В соответствии с действующим законодательством максимальная торговая надбавка на социально значимые продовольственные товары не должна превышать 15 процентов.
Как настоящее ремесло может вернуть себе рынок?
Новый Евразийский совет открывает глобальные площадки для настоящих мастеров
Самые высокие цены на продукты - в Алматы, Мангистауской и Атырауской областях
Почему казахстанцы переплачивают за еду: разница цен на мясо, молоко и курицу между регионами достигла 30%
LRT, Халық Кеңесі, саммит ОТГ и громкие уголовные дела: главные новости недели
Ratel.kz собрал самые заметные события с 11 по 16 мая - от политических законопроектов и запуска столичного LRT до задержаний, коррупционных расследований и судебных решений
Мурат Абдушукуров: Высшая форма патриотизма – посвятить жизнь служению Родине
Во время Кантара ветераны Афганистана и локальных конфликтов организовали охрану больниц и патрулирование в Алматы
Бездомные животные: закон есть, системы – нет
Почему ставка на массовое уничтожение не снижает ни численность, ни риски, и что на самом деле не сработало в действующей модели
Криптоплатеж при Президенте
Казахстан в ДТП каждый год теряет небольшой город
Главный редактор журнала «За рулём» комментирует ДТП на Аль-Фараби
В чьих интересах бомбили КТК?
Атаки беспилотников на Каспийский трубопроводный консорциум ударили по экономике Казахстана
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай