Нұр-Сұлтан тұрғындарына көшеде маскасыз жүруге тыйым салынды

1671 просмотров
0
Ратель
Вторник, 31 Мар 2020, 12:30

Соңғы үш тәулік ішінде елорданың полиция бөлімшелеріне карантин режимін бұзғаны үшін үш жүзден аса адам жеткізілген

Елордада көшеге бетпердесіз шығуға тыйым салынған. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің басшысы Ержан СӘДЕНОВ мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Читайте также
Кызылординец привез COVID 19 из США

"Көшеде маскасыз жүруге болмайды. Қалалық әкімдіктің мәліметі бойынша, қалада маска жеткілікті, таратылып жатыр. Сол себепті біз тағы да тұрғындарға ескертеміз", - деді Сәденов онлайн брифингте.

Оның айтуынша, астанада карантин талаптарының күшейтілгеніне қарамастан, кейбір адамдар тәртіпті бұзған.

"Үш күннің ішінде, 28 наурыздан 30 наурызға дейінгі аралықта полицияға 307 адам жеткізілді. Оларға қатысты әкімшілік жаза қабылданды. Екі мыңнан астам профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді", -деді полиция департаментінің басшысы.

Жалпы 22 наурыздан бері төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін 369 адам әкімшілік жауапқа тартылған. Оның ішінде 86 адам қамауға алынса, 202-сіне айыппұл салынды, ал 64 адамға ескерту жасалды. 17 іс сотта қаралып жатыр.

Бұдан бөлек, бір тәулік ішінде 30 автокөлік айыппұл тұрағына қойылған. 1500-ге жуық жүргізуші мен 200-ден астам жаяу жүргіншімен профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Еске сала кетсек, 28 наурыздан бастап елордада тұрғындардың үйден шығуы шектелді.

Читайте также
Лечился от артрита - подхватил COVID-19

Адамдарға тек азық-түлік, дәрі-дәрмек сатып алуға, жұмысқа баруға және медициналық қызмет үшін сыртқа шығуға рұқсат етіледі.

Кәмелетке толмағандарға ересектердің қарауынсыз қалада жүруіне тыйым салынды.

Бұдан бөлек, отбасы мүшелерін қоспағанда, көшеде үш адамнан артық топтасып жүруге болмайды.

Карантинді бұзғаны үшін 10 АЕК немесе 26 510 теңге айыппұл салынады немесе 15 тәулікке қамауға алуы мүмкін.

Фото: © Sputnik / Виталий Аньков.

- зампредседателя Комитета торговли МТИ РК
- В соответствии с действующим законодательством максимальная торговая надбавка на социально значимые продовольственные товары не должна превышать 15 процентов.
Как настоящее ремесло может вернуть себе рынок?
Новый Евразийский совет открывает глобальные площадки для настоящих мастеров
Самые высокие цены на продукты - в Алматы, Мангистауской и Атырауской областях
Почему казахстанцы переплачивают за еду: разница цен на мясо, молоко и курицу между регионами достигла 30%
LRT, Халық Кеңесі, саммит ОТГ и громкие уголовные дела: главные новости недели
Ratel.kz собрал самые заметные события с 11 по 16 мая - от политических законопроектов и запуска столичного LRT до задержаний, коррупционных расследований и судебных решений
Мурат Абдушукуров: Высшая форма патриотизма – посвятить жизнь служению Родине
Во время Кантара ветераны Афганистана и локальных конфликтов организовали охрану больниц и патрулирование в Алматы
Бездомные животные: закон есть, системы – нет
Почему ставка на массовое уничтожение не снижает ни численность, ни риски, и что на самом деле не сработало в действующей модели
Криптоплатеж при Президенте
Казахстан в ДТП каждый год теряет небольшой город
Главный редактор журнала «За рулём» комментирует ДТП на Аль-Фараби
В чьих интересах бомбили КТК?
Атаки беспилотников на Каспийский трубопроводный консорциум ударили по экономике Казахстана
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай