Мәскеуде Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин кездесті

1410 просмотров
0
Ратель
Среда, 11 Мар 2020, 12:10

Кездесуде Елбасы Ресей барлық сала бойынша Қазақстанның сенімді серіктесі екенін атап өтті

Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Президенті Владимир Путинмен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат elbasy.kz сайтына сілтеме жасап.

Кездесуде Елбасы Ресей барлық сала бойынша Қазақстанның сенімді серіктесі екенін атап өтті.

Әңгіме барысында тараптар ЕАЭО аясындағы серіктестік мәселелерін талқылады.

Читайте также
Министр өзінің зейнетақысына алаңдайтынын жасырмады

"Интеграциялық бірлестік жұмыс істеп жатыр және оның болашағы зор деп санаймын. Құрметті Төраға ретінде мен одақтың одан әрі дамуына өз үлесімді қосамын", – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті екі ел арасындағы қатынастар тату көршілік пен одақтастық рухында және қағидаттарына сәйкес дамып келе жатқанын атап өтті.

Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин ғылым және білім саласындағы ынтымақтастық мәселелеріне ерекше назар аударды.

Өз кезегінде Владимир Путин Қазақстанның Тұңғыш Президентінің интеграциялық процестерді дамытуға және екі ел арасындағы стратегиялық серіктестікті нығайтуға қосқан үлесін атап өтті.

"Біз саяси диалогты жалғастырып келеміз. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен үнемі кездесіп отырамыз. Біздің елдеріміздің үкіметтері қарқынды жұмыс істеп жатыр. Өткен жылы екі ел арасындағы сауда 19,7 пайызға артып, 20 миллиард долларға жетті. Бұл жақсы көрсеткіш", - деді Ресей Президенті.

Сонымен қатар, тараптар халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылап, әлемдік көмірсутегі нарығындағы ахуал туралы пікір алмасты.

Еске сала кетейік, біз бұған дейін Елбасының жұмыс сапарымен Ресейге келгенін хабарлаған болатынбыз.

- зампредседателя Комитета торговли МТИ РК
- В соответствии с действующим законодательством максимальная торговая надбавка на социально значимые продовольственные товары не должна превышать 15 процентов.
Максим Крамаренко: С помощью дипломатии БПЛА, Украина пытается «загнать» в стан своих союзников Казахстан
Комментарий руководителя ИАЦ «Институт евразийской политики»
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай
Сергей Пономарёв: Роспуска Мажилиса и досрочных выборов не будет
Депутат Мажилиса Республики Казахстан о планах работы парламента в новом году
Терроризм в странах СНГ: как менялась угроза после распада СССР
От войн и «больших» захватов заложников к точечным атакам и транснациональным сетям
Новый статус Алматы: кому дали бата на площади Абая?
Что поможет самому большому городу Казахстана сформировать свой уникальный туристский бренд
Айдын Ашуев назначен руководителем аппарата Министерства энергетики РК