Министр өзінің зейнетақысына алаңдайтынын жасырмады

1586 просмотров
0
Ратель
Вторник, 10 Мар 2020, 16:16

Үкіметте қазақстандықтардың зейнетақы жинағын шетелдік валютаға аудару туралы ұсыныс айтылды

Ұлттық экономика министрі Руслан ДӘЛЕНОВ кез келген адам өзінің зейнетақысына алаңдайтынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Читайте также
Как использовать падение цен на нефть в национальных интересах

Журналистер министрден "зейнетақы қорындағы ақшаңызға алаңдайсыз ба?" деп сұрады.

"Кез келген адам өзінің зейнетақы жинағына алаңдайды", - деп қысқа қайырды Дәленов үкімет кулуарында.

Сонымен қатар, үкіметте қазақстандықтардың зейнетақы жинағын шетелдік валютаға аудару туралы ұсыныс айтылды.

"Бұл ұзақ талқылауды, нақты есептеулерді қажет ететін мәселе. Бір нәрсені ғана айтайын: адам зейнетке шыққан кезде, мемлекеттің кепілін алады. Жылдар бойы жиналған инфляция мемлекет тарапынан өтеледі. Қазіргі қолданыстағы механизм азаматтарымызды қорғайды деп санаймын", - деп жауап берді министр бұл ұсынысқа.

Дәленовтің айтуынша, қазір қазақстандықтардың зейнетақы жинағын шетелдік қорға аударудан қанша пайда түсетінін есептеу қиын.

"Бұл пікір таластыратын мәселе. Зейнетақы жинағын қайда салу керек деген де мәселе туындайды. Сондықтан мұны кешенді талқылау қажет. Жеке адам тұрғысынан емес, қоғамға пайдасы жағынан қарастыру керек", - деді министр.

Айта кетсек, 9 наурызда Қазақстанда доллар тағы қымбаттады. Ірі қалалардағы айырбастау пунктерінде доллар бағамы 397 теңгеге дейін өсті. Ал сейсенбі күні валюта айырбастау пунктерінде доллар 390-395 теңгеден сатылып жатыр. Десек те, Ұлттық банктің ресми бағамы таңертең 382,05 теңгеге тең болды.

Фото: 24.kz.
- зампредседателя Комитета торговли МТИ РК
- В соответствии с действующим законодательством максимальная торговая надбавка на социально значимые продовольственные товары не должна превышать 15 процентов.
Максим Крамаренко: С помощью дипломатии БПЛА, Украина пытается «загнать» в стан своих союзников Казахстан
Комментарий руководителя ИАЦ «Институт евразийской политики»
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай
Сергей Пономарёв: Роспуска Мажилиса и досрочных выборов не будет
Депутат Мажилиса Республики Казахстан о планах работы парламента в новом году
Терроризм в странах СНГ: как менялась угроза после распада СССР
От войн и «больших» захватов заложников к точечным атакам и транснациональным сетям
Новый статус Алматы: кому дали бата на площади Абая?
Что поможет самому большому городу Казахстана сформировать свой уникальный туристский бренд
Айдын Ашуев назначен руководителем аппарата Министерства энергетики РК