![](https://imagesratel.kz/cdn/innermain/i/2020/March/11/91c13ac7b039fe49b1e2c81031c25e7863654276.jpg)
Қазіргі уақытта мегаполистегі жағдай тұрақты
"Әлеуметтік желілерде Алматыда коронавирус инфекциясы тіркелсе, жоғары дайындықты қамтамасыз ету шаралары туралы қала әкімінің бұйрығы бар деген ақпарат тарап кетті. Біз таратылған ақпараттың шындыққа жанаспайтынын ресми түрде хабарлаймыз. Бұл – жалған. Сонымен бірге, қалада COVID-2019 коронавирустық инфекциясының таралуына қарсы белсенді жұмыс жүріп жатқанын мәлім етеміз. Қазіргі уақытта мегаполистегі жағдай тұрақты. Коронавирус тіркелген жоқ", - деп жазды әкімінің баспасөз хатшысы Әсет МҰҚАЖАНОВ Instagram-да.
Сонымен қатар, ол азаматтарды ресми дереккөздердегі ақпаратты пайдалануға шақырды. Анықтама үшін 1406 Call-орталығы тәулік бойы жұмыс істейді.
"Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі үнемі күнделікті жағдай туралы хабарлайды. Алматыда коронавирустық инфекцияның алдын алу жөніндегі аймақтық штаб жұмыс істейді. Күшейтілген санитарлық-карантиндік бақылау шаралары жүзеге асырылуда. Қаладағы жағдай бақылауда", - деп атап өткен ол.
KAZINFORM.