![](https://imagesratel.kz/cdn/innermain/i/2020/April/19/12404cdca237377c18a667b54d589e1a0096101a.jpg)
Қайтыс болды 160 763 адам, жазылып шықты – 597 194
Әлемде COVID-19 індетіне шалдыққандар саны 2 млн 332 мыңға жақындады, деп хабарлайды ҚазАқпарат coronavirus2020.kz Telegram-каналына сілтеме жасап.
19 сәуір сағат 9:15-тегі жағдай бойынша, әлем елдерінде коронавирусты жұқтырғандар саны 2 331 892 адамды құрады. Қайтыс болды 160 763 адам, жазылып шықты – 597 194.
Вирус ең көп АҚШ-та анықталды. Онда індетке 739 913 адам шалдықты, бір тәулікте тіркелген жаңа жағдайлар – 28 892. Екінші орында Испания (науқастардың жалпы саны – 194 416, бір тәуліктегі жаңа жағдайлар – 3577), үшінші орында Италия (175 925/ +3491) тұр.
Коронавирус ең көп анықталған 10 елдің тізімінде сондай-ақ келесі елдер бар:
Франция: 151793 / +3824,
Германия: 143724 / +2327,
Ұлыбритания: 114217 / +5525,
Қытай: 82735 / +16,
Иран: 80868 / +1374,
Түркия: 82329 / +3783,
Бельгия: 37183 / +1045.
ТМД елдері бойынша науқастар ең көп Ресейде тіркелді. Мұнда індетке шалдыққандардың жалпы саны – 36 793. Бір тәуілікте анықталған жаңа жағдайлар – 4785.
Кейінгі орындарда келесі мемлекеттер тұр:
Беларусь: 4779 / +0,
Украина: 5106 / +444,
Молдавия: 2378 / +114,
Қазақстан: 1630 / +84,
Өзбекстан: 1490 / +85,
Әзербайжан: 1373 / +33,
Армения: 1248 / +47,
Қырғызстан: 506 / +17,
Грузия: 388 / +18.
Фото: @coronavirus2020_kz.