Ерлан Қарин: Президент бастамаларын жүзеге асырудың жаңа кезеңі басталады

1861 просмотров
0
Ратель
Четверг, 06 Фев 2020, 12:20

Президент Әкімшілігінің жетекшісі қолымен Президенттің жаңа бастамаларын жүзеге асыру бойынша Жоспар бекітілді

Қазақстан Президентінің кеңесшісі президенттік бастамаларды жүзеге асырудың жаңа кезеңі басталғалы жатқанын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Читайте также
Теплицы возле аэропорта Тараза: снести нельзя оставить

"Осыдан бұрын хабарлағанымдай, Ұлттық кеңестің екінші отырысынан кейін, Президент Әкімшілігінің жетекшісі қолымен Президенттің жаңа бастамаларын жүзеге асыру бойынша Жоспар бекітілді. Осы жоспарға сәйкес тиісті мемлекеттік құрылымдар қаңтар айында саяси реформалар бағытына қатысты әр бастама бойынша заң жобаларын дайындау қажет болатын. Бірнеше күн бұрын бұл жұмыс аяқталды. Енді президенттік бастамаларды жүзеге асырудың жаңа кезеңі басталғалы жатыр. Заң жобалары мүдделі мемлекеттік органдармен келісілгеннен кейін, ғылыми лингвистикалық экспертизадан өтіп, және Үкіметтің отырысында талқыланғаннан соң, олар Парламентке қалыптасқан тәртіпке сәйкес қарастыруға енгізіледі", - деп жазды Ерлан ҚАРИН Facebook-тегі парақшасында.

Сонымен, Президенттің ол Ұлттық кеңестің екінші отырысында жариялаған бастамалары белсенді жүзеге асырылып жатқанын жазды.

Еске сала кетсек, 20 желтоқсан күні елордада ҚР Президенті Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің екінші отырысын өткізген болатын.

Мемлекет басшысы табысы аз отбасылардың балалары нақты қолдау шараларымен қамтылатынын жеткізіп, Үкіметтің алдына ашық әрі әділ атаулы көмекпен қамтамасыз ету міндетін қойды. Президент мемлекеттің тек мұқтаж жандарға ғана жәрдем беруі тиіс екенін жеткізді .

KAZINFORM.

Фото: © Sputnik / Владислав Воднев.

- зампредседателя Комитета торговли МТИ РК
- В соответствии с действующим законодательством максимальная торговая надбавка на социально значимые продовольственные товары не должна превышать 15 процентов.
Максим Крамаренко: С помощью дипломатии БПЛА, Украина пытается «загнать» в стан своих союзников Казахстан
Комментарий руководителя ИАЦ «Институт евразийской политики»
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай
Сергей Пономарёв: Роспуска Мажилиса и досрочных выборов не будет
Депутат Мажилиса Республики Казахстан о планах работы парламента в новом году
Терроризм в странах СНГ: как менялась угроза после распада СССР
От войн и «больших» захватов заложников к точечным атакам и транснациональным сетям
Новый статус Алматы: кому дали бата на площади Абая?
Что поможет самому большому городу Казахстана сформировать свой уникальный туристский бренд
Глава МИД Казахстана принял участие в Экономическом форуме «Центральная Азия – Германия»