Елордадағы төтенше жағдай режимі қашан алынады

1457 просмотров
0
Ратель
Вторник, 04 Фев 2020, 17:00

Жағдай одан ары күрделене түсуі мүмкін

ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы Владимир Беккер елордада төтенше жағдай режимі қашан алынатынын айтты. 

Читайте также
ДДСҰ коронавирус туралы жалған ақпаратқа қарсы күреседі

"Төтенше жағдай режимі алынбайды. Себебі, климаттық ахуал барынша күрделі болып тұр. 4-5 ақпанда тағы дауы соғатыны ескертілді. Қазгидромет мәліметтеріне сенсек, бүгін таңертең еліміздің 13 өңірінде дауыл соғады. Павлодар, Алматы, Маңғыстау облыстарында және Алматы мен Шымкент қалаларында да ескерту болған жоқ", - деді Владимир БЕККЕР Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдіріне берген сұхбатында.

Оның дерегінше, бүгін таңертеңгі 8-ге дейін автомобиль жолдарының 23 учаскесі, оның ішінде республикалық маңызы бар 13 учаске жабық болды.

"Қазір республикалық маңызы бар учаскелердің барлығы ашық. Бірақ, Қазгидромет деректеріне сәйкес, таяу аптадағы ауа райы болжамы көңіл көншітерлік емес. Температура көтеріліп келеді. Соған орай боран соғу қаупі бар. Батыс Қазақстан мен Ақтөбе облыстарында жаңбыр жауды. Демек жолда көктайғақ болады деген сөз",- деді комитет басшысы.

В.Беккер жол және төтенше жағдайлар қызметтері күшейтілген режімде жұмыс істеп жатқанын айтты.

"Республикалық дағдарыс орталығында ұйымдастырылған штабты да алып тастамадық. Ол да жұмысын жалғастырады. Сол себепті Нұр-Сұлтан қаласында да төтенше жағдай режіміалынған жоқ. Көшелерде әлі де болса мол қар жатқанын, аулалар әлі тазаланбағанын байқап жүрміз. Бейсенбі, жексенді және дүйсенбі күндері қар жауады беп күтіп отырмыз. Яғни, жағдай одан ары күрделене түсуі мүмкін", - деді ол.

Казинформ.

- зампредседателя Комитета торговли МТИ РК
- В соответствии с действующим законодательством максимальная торговая надбавка на социально значимые продовольственные товары не должна превышать 15 процентов.
Максим Крамаренко: С помощью дипломатии БПЛА, Украина пытается «загнать» в стан своих союзников Казахстан
Комментарий руководителя ИАЦ «Институт евразийской политики»
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай
Сергей Пономарёв: Роспуска Мажилиса и досрочных выборов не будет
Депутат Мажилиса Республики Казахстан о планах работы парламента в новом году
Терроризм в странах СНГ: как менялась угроза после распада СССР
От войн и «больших» захватов заложников к точечным атакам и транснациональным сетям
Новый статус Алматы: кому дали бата на площади Абая?
Что поможет самому большому городу Казахстана сформировать свой уникальный туристский бренд
Глава МИД Казахстана принял участие в Экономическом форуме «Центральная Азия – Германия»