Банк картасы мен шотты қашықтан қалай ашуға болады

1705 просмотров
0
Ратель
Четверг, 16 Апр 2020, 11:55

Кейбір екінші деңгейдегі банктер сондай-ақ картаны жеткізу бойынша қызмет көрсетеді. Орташа алғанда бұл рәсім 1–5 күн аралығында жүзеге асырылады

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі екінші деңгейдегі банктермен шоттар және банк карталарын ашу үшін қашықтан қызмет көрсету алгоритмін пысықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Читайте также
Кімдердің несиесі кейінге шегеріледі

Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында, Агенттік екінші деңгейдегі банктермен бірлесіп төлем карталарын қашықтан алу алгоритмін жасады.

Мемлекет басшысының елде төтенше жағдай режимінің енгізілуі нәтижесінде табысын жоғалтқан азаматтардың кейбір санаттарына және кәсіпкерлерге материалдық қолдау көрсету бойынша тапсырмасын іске асыру мақсатында оларға 42 500 теңге мөлшерінде әлеуметтік жәрдемақы төленеді.

Бұдан басқа, Birgemiz қоры Қазақстанның барынша мұқтаж азаматтарына 50 мың теңгеден бөледі, ол да жеке тұлғаның екінші деңгейдегі банктегі карточкалық немесе ағымдағы шотына аударылады. Бұл төлемдерді есептеу үшін ақша қаражаты аударылатын карточкалық шоттың болуы қажет,– деп хабарлайды агенттіктің баспасөз қызметі..

Қазіргі кезде әлеуметтік жәрдемақы алу үшін банк карталары қашықтан әрі тегін ресімделеді. Он үш екінші деңгейдегі банк, сондай-ақ "Қазпошта" АҚ бұл қызметті қашықтан көрсетеді.

Читайте также
20 сәуірден бастап кімдер жұмысқа қосыла алады

Ол үшін:

– мобильдік қосымшада (егер болмаса, жүктеу және орнату), не банктің сайтында шот ашу;

– тіркелу және қашықтан сәйкестендіруден өту;

– мобильді телефон нөмірін және ЖСН енгізу;

– жеке куәлікті сканирлеу (сұратқан жағдайда);

– картаның ашылғанын растау үшін SMS кодын енгізу қажет.

Клиентке бірнеше минут ішінде шот нөмірі бар SMS келеді. Кейбір екінші деңгейдегі банктер сондай-ақ картаны жеткізу бойынша қызмет көрсетеді. Орташа алғанда бұл рәсім 1 – 5 күн аралығында жүзеге асырылады. Шұғыл қажеттілік болған кезде кейбір екінші деңгейдегі банктер қолма-қол ақшаны картасыз және комиссияларсыз алу мүмкіндігін енгізді.

Сонымен бірге, клиенттер үшін онлайн сервистердің басқа да қызметтері қолжетімді болады, олар коммуналдық төлемдерді, байланыс қызметтерін төлеу, салым ашу, салықтық және кедендік төлемдерді жүргізу, жалақы аудару, ақша қаражатының жіберілу жолын қадағалау, POS/SMART терминалдар бойынша үзінді-көшірме алу. Барлық операциялар комиссияларсыз жүзеге асырылады.

Фото: Ⓒ Ratel.kz / Сергей Перхальский.

- зампредседателя Комитета торговли МТИ РК
- В соответствии с действующим законодательством максимальная торговая надбавка на социально значимые продовольственные товары не должна превышать 15 процентов.
Максим Крамаренко: С помощью дипломатии БПЛА, Украина пытается «загнать» в стан своих союзников Казахстан
Комментарий руководителя ИАЦ «Институт евразийской политики»
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай
Сергей Пономарёв: Роспуска Мажилиса и досрочных выборов не будет
Депутат Мажилиса Республики Казахстан о планах работы парламента в новом году
Терроризм в странах СНГ: как менялась угроза после распада СССР
От войн и «больших» захватов заложников к точечным атакам и транснациональным сетям
Новый статус Алматы: кому дали бата на площади Абая?
Что поможет самому большому городу Казахстана сформировать свой уникальный туристский бренд
Атырауские конструкторы разрабатывают беспилотный летательный аппарат