Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері өмірден озды

2768 просмотров
0
Ратель
Четверг, 15 Апр 2021, 14:15

Ел арасында танылған "Нурикамал" әнінің сөзін жазған – Ханбибі Есенқарақызы, композиторы – Тұрдықылыш Ізтаев

Қазақтың танымал "Нұрикамал" әніне арқау болған еліміздің еңбек сіңірген қайраткері Нұрикамал Сейітжанова 72 жасында көз жұмды, деп хабарлады Мәдениет министрлігі.

Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Нурикамал Сейітжанованың отбасы мен туған-туыстарына көңіл айтты.

"Нурикамал апамыз кейіпкер болған əсем де сырлы əн халықтың көкейіне қонып, есімі ел аузында жүрген өнер жұлдыздарының репертуарынан ойып тұрып орын алды. Ақсұңқар ақын Серік Тұрғынбекұлының "Əн қалды махаббаттың белгісінде" атты өлең-эссесі осынау ұлы сезімді арқау еткен өшпейтін өлең, əуезді əннің тарихын оқырман қауымға паш етеді", - деді министр.  

Сонымен бірге мемлекет тарихы институтының ұжымы Нурикамал Сейітжанқызының туыстары мен жақындарына қайғыларына ортақтасып көңіл білдірді. "Бұл орны толмас қазада сіздердің қайғыларыңызға шын жүректен ортақтастығымызды білдіргіміз келеді", - делінген институттың желідегі жазбасында. 

Нурикамал Сейітжанова 1949 жылдың наурызында дүниеге келді. Еңбек жолын жұмысшы ретінде бастап, кейін Торғай облысының мәдениет басқармасында, Қазақстан халқы кіші Ассамблеясының атқарушы хатшылығында басшылық қызметтерде болды. Ақмола облысының ақпарат және қоғамдық келісім, мәдениет басқармаларында жұмыс істеді. Сонымен қатар, мемлекет тарихы институтында кадр бөлімінде қызмет атқарды.

Фото: 716.kz.

Оставьте комментарий

- зампредседателя Комитета торговли МТИ РК
- В соответствии с действующим законодательством максимальная торговая надбавка на социально значимые продовольственные товары не должна превышать 15 процентов.
Максим Крамаренко: С помощью дипломатии БПЛА, Украина пытается «загнать» в стан своих союзников Казахстан
Комментарий руководителя ИАЦ «Институт евразийской политики»
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай
Сергей Пономарёв: Роспуска Мажилиса и досрочных выборов не будет
Депутат Мажилиса Республики Казахстан о планах работы парламента в новом году
Терроризм в странах СНГ: как менялась угроза после распада СССР
От войн и «больших» захватов заложников к точечным атакам и транснациональным сетям
Новый статус Алматы: кому дали бата на площади Абая?
Что поможет самому большому городу Казахстана сформировать свой уникальный туристский бренд
«BURABAY ICE-2026» собрал в Акмолинской области более 700 любителей бега