![](https://imagesratel.kz/cdn/innermain/i/2020/March/17/3aac6d76b3fc1c201d03e0a46f4193f550f6d9f7.jpg)
Қазақстан Республикасының азаматтары мен шетелдіктерге мемлекеттік шекарадан өтуге шектеу қойылады
Қазақстанда төтенше жағдайдың жариялануына байланысты шекара қызметі Қазақстан және шетел азаматтары, сондай-ақ сыртқы экономикалық салаға қатысушылар үшін мемлекеттік шекара арқылы кіру және шығуға қойылған шектеулер туралы маңызды мәліметті жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Төтенше жағдай кезеңінде Қазақстан Республикасының азаматтары мен шетелдіктерге мемлекеттік шекарадан өтуге шектеу қойылады.
Дегенмен, мына санаттға азаматтарға рұқсат берілген:
- шетелге бұрын кетіп қалған, бірақ қазір Қазақстанға оралуды көздеген Қазақстан Республикасының азаматына;
- денсаулық сақтау мекемелерінен растайтын құжаты бар, шетелге емделуге шыққан азаматқа.