![](https://imagesratel.kz/cdn/innermain/i/2020/February/01/806ec37f988f2f5cb88d139ac3795cc698c68a13.jpg)
Қазақстан Үкіметі Қытайға қажет болған жағдайда жан-жақты гуманитарлық көмек көрсетуге әзір
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинге коронавирустың таралуына байланысты хат жолдады, деп хабарлайды ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында.
Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР төрағасына қауіпті вирусты тоқтату және жою жөніндегі Қытай басшылығының шешімдері мен іс-қимылдарын жоғары бағалай отырып, Қазақстан Үкіметінің Қытайға қажет болған жағдайда жан-жақты гуманитарлық көмек көрсетуге әзір екені туралы шешімін жеткізді. Сондай-ақ Президент коронавирустың Қазақстан аумағында тарап кетпеуі үшін Үкіметтің қабылданып жатқан іс-шаралар туралы хабарлады.
Фото: Аккорды баспасөз қызметі