Күні кеше қала орталығында жаяу жүргіншілер жолынан өтіп бара жатқан азаматты автобус қағып кетті
Күні кеше қала орталығында жаяу жүргіншілер жолынан өтіп бара жатқан азаматты автобус қағып кетті. Ол оқиға орнында көз жұмды.
Оқиға Байтұрсынов көшесінің бойында болған.
"Бүгінде ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Автобус жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тиісті сараптамалар тағайындалды", - деп ақпарат таратты Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.