Алматының қақ ортасы "бомждар" мекеніне айналды

2111 просмотров
0
Ратель
Вторник, 15 Апр 2025, 13:00

Олар үйлерге көрпе-жастығымен баса көктеп кіріп, қонған жеріне тіпті дәрет сындырып кететін болған

Ол аздай, кейбірі "пәтерді өртейміз" деп сес көрсетеді екен. Бұл масқараны НАЗАРБАЕВТЫҢ есімі берілген даңғылдың жұрты жайып салды, деп хабарлайды Информбюро 31.

Читайте также
Теолог: “Жасырын жүрістен гөрі екінші әйел алған жөн”

Тұрақты мекені жоқтардан мезі болған алматылықтар әкімдік пен полицияның ісі нәтижесіз дейді.

Есік ашсаң, ащы суға тойып алып, тәтті ұйқыда жатқан масты көру Алматыдағы "Арбат" маңындағы тұрғындарға қалыпты жайтқа айналғандай. Бомждар да бұл үйге шақырылмаған қонақ болуды әдет қылған. Осылай деп шағымданған жұрттың айтуынша, панасыздар екі күннің бірінде кіріп алады.

- Олар үнемі мас. Өте агрессивті. Ескерту жасауға қорқып қалдық. Түнде подъездерге топ болып кіріп алады. Күндіз ауладан кетпейді. Балалардың көзінше шешініп, дәрет сындырады, - дейді Алматы қаласының тұрғыны Гүлмира ЖАЙЫМБАЕВА.

- "Мен сіздерде 15 жыл тұрып жүрмін" деп мақтанатындары да бар. Тұрғындарды мазаққа айналдырады. Бір жерден қусаң, келесі үйге кіріп алады. Дәлізде топтасып тойлайды, тіпті ұрлық та жасайды, - дейді Алматы қаласының тұрғыны Таир ЧАНИРОВ.

- Тұрғындардың айтуынша, тұрақты жері жоқ адамдар үйге кіріп кетудің түрлі амалын біліп алған. Әуелі бір пәтерге хабарласып көреді. Одан опа таппаса, есіктің ашылған сәтін аңдып отырады. Болмаса домофонның осындай тоғын кесіп, ішке емін-еркін кіріп жүре береді екен, - дейді Информбюро 31 тілшісі Оразай НҰРТАЙҰЛЫ.

Осылай тұрақты орны жоқтар тұрақты мекен тауып алады. Жалғыз жүрмей, бөтелкелес-көңілдестерін ерте келеді. Үйреніп алғандары соншалық бейнекамераны да пысқырмайды.

Сөзге сенсек, көше кезгендер маңдағы дүкен-мейрамхананың жұмысына да кедергі. Тұрғындар "тәртіп сақшылары қол қусырып отыр" деуден аулақ. Бірақ олар кейбірін ұстап алып кеткенмен, қайта келіп алады дейді.

Ал Алматы полициясы дәл осы аулада биыл 17-ден астам рейд жасағанын айтты. Және тиісті жұмыс жалғасады деп хабарлады.

Фото мен видео: Информбюро 31.

ТАҚЫРЫПҚА ОЙ ҚОСЫП, ПІКІРІҢІЗБЕН БӨЛІСУ ҮШІН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!

Оставьте комментарий

- зампредседателя Комитета торговли МТИ РК
- В соответствии с действующим законодательством максимальная торговая надбавка на социально значимые продовольственные товары не должна превышать 15 процентов.
Если у вас нет паранойи - это не значит, что за вами не следят
Почему прослушка перестала быть шпионской экзотикой Жучки, скрытые микрофоны и слежка: как это работает
Дубай после бума: стоит ли казахстанцам инвестировать в ОАЭ в 2026 году
Главное преимущество недвижимости – наличие реального актива
Как настоящее ремесло может вернуть себе рынок?
Новый Евразийский совет открывает глобальные площадки для настоящих мастеров
Самые высокие цены на продукты - в Алматы, Мангистауской и Атырауской областях
Почему казахстанцы переплачивают за еду: разница цен на мясо, молоко и курицу между регионами достигла 30%
LRT, Халық Кеңесі, саммит ОТГ и громкие уголовные дела: главные новости недели
Ratel.kz собрал самые заметные события с 11 по 16 мая - от политических законопроектов и запуска столичного LRT до задержаний, коррупционных расследований и судебных решений
Бездомные животные: закон есть, системы – нет
Почему ставка на массовое уничтожение не снижает ни численность, ни риски, и что на самом деле не сработало в действующей модели
Криптоплатеж при Президенте
Казахстан в ДТП каждый год теряет небольшой город
Главный редактор журнала «За рулём» комментирует ДТП на Аль-Фараби
В чьих интересах бомбили КТК?
Атаки беспилотников на Каспийский трубопроводный консорциум ударили по экономике Казахстана
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай