Алматы дәріханаларында бетперде жеткілікті

2182 просмотров
0
Ратель
Суббота, 01 Фев 2020, 13:07

Медициналық мекемелерге 2 млн астамы, қорда – 1,3 млн маска бар.

Алматы дәріханаларында медициналық бетперде жеткілікті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі Алматы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтемемен.

Алматы қаласы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті медициналық маскалар тапшылығының алдын алу мақсатында қала дәріханаларына ұдайы бақылау жүргізіп отыр. Қазіргі таңда қалада маска саны жетерлік.

 «Dolce» компаниясы күніне 4 мың маска шығарып жатыр, Алматы қаласы бойынша маскалар қоры күн сайын толықтырылуда. Қазіргі таңда бір аптаға жететін тапсырыс орындалды. Апта бойы дәріханаларды маска қорымен толықтыру көзделіп отыр», - деді Алматы қаласы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Айзат Молдақасымова.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, қазір қосымша маскалар жеткізу бойынша басқа елдердің өндірушілерімен, атап айтқанда Иран және Қырғызстанмен келіссөздер жүргізіліп жатыр. «Иә, біздегі маскалар жетерлік. Қарапайым маскалардың бағасы 20 теңге, сондай-ақ бұрышты маскалар да бар, олардың бағасы да 20 теңге. Қазір барлық маскалардың бағасы 20 теңге», - деп хабарлады қаладағы дәріханалардың бірінен.

«Жайық-AS» ЖШС дәріханасында қорда 4 мың үшқабатты маска, 5 мың бұрышты және 100 мың респираторлық маска барын айтты. Қолға тек 20 данасы беріледі. Соңғы күндері жергілікті «Biola» және «Тұран» компанияларынан 20 мың маска сатып алынды. Дәріхана қызметкерінің айтуынша, осы күнге дейін айына 4 мың маска ғана сатып алынып жүрген.

 Қаладағы бірқатар дәріханада маска қоры жетерлік екенін айтты. Еске салайық, қала билігі бағаны келісіп алу және әдейі елді дүрліктіретін жағдай туындатқандард әкімшілік және қылмыстық жауапқа тарту бойынша барлық шаралар қолдануда.

Алматы қаласының дәріханаларында медициналық маска бағасының жоғары болуы немесе олардың болмауы анықталған жағдайда тұрғындарға келесі нөмірлер бойынша хабарласу керек: +7 (727) 382-3536, 382-3350.
«ҚазАқпарат»

- зампредседателя Комитета торговли МТИ РК
- В соответствии с действующим законодательством максимальная торговая надбавка на социально значимые продовольственные товары не должна превышать 15 процентов.
Максим Крамаренко: С помощью дипломатии БПЛА, Украина пытается «загнать» в стан своих союзников Казахстан
Комментарий руководителя ИАЦ «Институт евразийской политики»
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай
Сергей Пономарёв: Роспуска Мажилиса и досрочных выборов не будет
Депутат Мажилиса Республики Казахстан о планах работы парламента в новом году
Терроризм в странах СНГ: как менялась угроза после распада СССР
От войн и «больших» захватов заложников к точечным атакам и транснациональным сетям
Новый статус Алматы: кому дали бата на площади Абая?
Что поможет самому большому городу Казахстана сформировать свой уникальный туристский бренд
Глава МИД Казахстана принял участие в Экономическом форуме «Центральная Азия – Германия»