42 500 теңге әлеуметтік жәрдемақы клиенттердің карта шоттарына аударылуы мүмкін

1520 просмотров
0
Ратель
Четверг, 02 Апр 2020, 16:00

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төтенше жағдай және карантин кезінде әлеуметтік көмек алу үшін карта шотын көрсетуді ұсынады

42 500 теңге көлеміндегі әлеуметтік жәрдемақыны алу үшін клиенттердің карта шоттары пайдаланылуы мүмкін, деп хабарлайды coronavirus2020.kz.

Читайте также
Министр кімдер 1 қазанға дейін салық төлемейтінін айтты

"ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында төтенше жағдай кезінде екінші деңгейлі банктер мен банк операцияларын орындайтын жеке ұйымдармен төтенше жағдай енгізілуіне байланысты табысынан айырылған азаматтарға 42 500 теңге көлемінде әлеуметтік көмек тағайындау және беру туралы қажетті жұмыс атқарды. Ол үшін екінші деңгейлі банктер клиенттердің банк шоттарына әлеуметтік төлемнің аударылуын қамтамасыз етуі қажет" делінген хабарламада.

Әлеуметтік көмек алуға тиіс клиенттердің банк шоттары бұғатталған немесе басқа да шектеулер қойылған жағдай анықталса, бұғаттан шығару және 42 500 теңге көлемінде әлеуметтік көмек өндіру шараларын жүзеге асыру қажет.

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төтенше жағдай және карантин кезінде әлеуметтік көмек алу үшін карта шотын көрсетуді ұсынады.

Жедел байланыс телефоны: +7 (727) 2788 144 және +7 (727) 2788 122 (дүйсенбі-жұма 9.00-дан 17.00-ге дейін, сенбі – 9.00-дан 15.00-ке дейін, жексенбі – демалыс).

ҚазАқпарат.

Фото: Tengrinews/Турар Казангапов.

- зампредседателя Комитета торговли МТИ РК
- В соответствии с действующим законодательством максимальная торговая надбавка на социально значимые продовольственные товары не должна превышать 15 процентов.
Максим Крамаренко: С помощью дипломатии БПЛА, Украина пытается «загнать» в стан своих союзников Казахстан
Комментарий руководителя ИАЦ «Институт евразийской политики»
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай
Сергей Пономарёв: Роспуска Мажилиса и досрочных выборов не будет
Депутат Мажилиса Республики Казахстан о планах работы парламента в новом году
Терроризм в странах СНГ: как менялась угроза после распада СССР
От войн и «больших» захватов заложников к точечным атакам и транснациональным сетям
Новый статус Алматы: кому дали бата на площади Абая?
Что поможет самому большому городу Казахстана сформировать свой уникальный туристский бренд
В Астане обсудили запуск Региональной платформы «Зелёная школа» в преддверии РЭС-2026