
Елдің парламенті Еуроодаққа кіруді жақтап дауыс берді
Күні кеше Армения парламенті республиканың Еуропалық Одаққа қосылу процесін бастау туралы заң жобасын мақұлдады.
- Анығында Арменияны Еуропалық Одаққа ресми түрде ешкім шақырған жоқ, мұндағы ең маңызды факт – Арменияның “орыс әлемінен” құтылып шығуға деген ниеті, - дейді жазушы және публицист Анатолий НЕСМИЯН.
Бұл Арменияның көп ұзамай ЕАЭО деген ұйымнан шығатынын білдірсе керек, республика біраздан бері ОДКБ-дан да шығуға ұмтылыс байқатып жүр.
- Мұндағы мәселе Арменияда емес, шикіліктің түбі – Ресеймен арадағы одақтастық жобалардың бәрінің тиімсіздігінде. Кремльдің бар саясаты түптеп келгенде одақтастарын “қолыңнан келсе қазір қаш”, болмаса “түбі қашуға дайын бол” деген таңдауға ғана әкеледі.
- Қазіргі түріндегі “орыс әлемінен” ешбір жақсылық күтуге болмайды: Ресей тек танкпен басып кіріп, өз ықпалын тек күшпен ғана сақтай алады. Одан басқа ештеңе ұсына алмайды. Сондықтан Ресей өзінің интеграциялық жобаларының мәні мен сарынын өзгертпесе, түбі көршілерінің бәрімен жауласуы мүмкін, - деп қосыпты Несмиян.
Фото: Alexandros Michailidis / Shutterstock / FOTODOM.
ТАҚЫРЫПҚА ОЙ ҚОСЫП, ПІКІРІҢІЗБЕН БӨЛІСУ ҮШІН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!