Қаз   Рус

Бас прокуратураға арналған пара - 13 миллион

2003 қаралды
0
Дмитрий МАТВЕЕВ
Пятница, 17 Ноя 2017, 14:30

Судья пара берді деген күдікпен ұсталған ақтөбелік прокурор Есентұр Қадыровты екі айға қамау туралы үкім шығарды

Оқи отырыңыз
Парасат майданы емес, «Поросят» майданы!

13 қараша күні 14-00-де Есентұр ҚАДЫРОВ (суретте) өзі тұратын үйінің ауласында досы, Ақтөбе облысы прокурорының   ішкі қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша аға көмекшісіне 40 мың доллар берген. Бұл қаражатты Е.Қадыров үстінен қозғалған қылмыстық істі алып тастау үшін беріпті. Ақша Бас прокуратураның ішкі тергеу департаментіне жетуге тиіс еді. 40 мың доллар қылмыстық істі жабу үшін ғана емес, қызметтік жолда «қамқоршы» болатындарға да берілген сыйақы. Алайда 13 миллион теңге тиісті жеріне жеріне жетпей қалған.    

Е. Қадыровтың досы Бас прокуратураға хабарлап, Астанадан арнайы топ жедел ұшып келген. Қадыровқа қатысты бір жарым ай жасырын тергеу жұмыстары жүргізілген. Ақша беріп жатқан жерінде ұсталды.

15 қараша күні кешке №2 Ақтөбе сотынан қамау туралы санкция сұралды. Қадыровты қамауды сұрған прокурордың айтуынша, күдіктінің облыстық прокуратурада жоғарғы қызметте болған әріптесі тергеу ісіне кедергі келтіруі мүмкін. Қадыров және оның адвокаты судья Алима ӘДІЛОВАДАН тергеу абақтысына қамамай, үйқамақта ұстауын сұрады. 

- Мен қоғамға қауіп төндірмеймін. Тергеудің объективті жүргізілгенін қалаймын. Менің тарапымнан тергеушілердің ісіне кедергі жасалмайды, - деді Қадыров. 

Қадыров өзін ұстауға тырысып баққанымен, сотта көз жасына ерік беріп қойды.

Оқи отырыңыз
Сейітқазы Матаев шартты түрде мерзімінен бұрын бостандыққа шығады

Күдіктінің адвокаты Айсұлу ШАЛАБАЕВА Қадыровтың екі баланың үлгілі әкесі, өзін жақсы жағынан көрсеткендігін ескеруді сұрады. Судья шешім шығармас бұрын пара бергеніңді мойындайсың ба деп сұрады. Күдікті түсінік беруден бас тартқанын айтты. Екі жақты тыңдап болған Алима Әділова ақылдасу бөлмесіне кетті. 22.00 де сот залына оралған ол айыптаушы тараптың ұсынысын қабылдап, Қадыровты тергеу абақтысына 2 айға қамау туралы үкім шығарды. 

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
На Каспии начались военные учения Хазар қорғаны-2026
- Как профессиональный процессник не могу пройти мимо. Люди, Процессы, Технологии - фундамент любой организации - и задача руководства обеспечить слаженность взаимодействия этих трех составляющих. Не понимание этих фундаменталых основ - к сожалению бич нашего времени. Копни в любое министерство или частную компанию - везде одно и то же - нет должного внимания к этим фундаментальным блокам - как результат трагедии, финансовые потери и невозможность быть конкуретноспособным)). Алга Казахстан!)
Масоны Казахстана: кто они и чем занимаются на самом деле
- Вторая статья о масонах!!! Что делается?! И правильно делают, что относятся с осторожностью, след в истории оставили уже. Работают с расчетом на века!
В Алматы произошло землетрясение интенсивностью 3–4 балла
- Оповещаеие должно быть на ясно казахском и на русском , то что сегодня оповестили на ломанном казахском не понятно для многих людей , даже казахской национальности
102 километра в объезд Сарыагаша
- Отличная новость. У меня вопрос где начинается и где заканчивается, вернее где съезды этой дороги?
Как Олжас Сулейменов стал жертвой фейка
- В конце 90х гг., когда еще не было интернета в нашем селе, я училась в 9 классе, в учебнике русской литературы был именно этот стих О.Сулейменова, который начинался так "Айналайын - чудесное слово, жаль, что его русский не поймет.."
Любое учреждение, где есть дети, смогут проверить без предупреждения в Алматы
- Благодарим Жанат, очень своевременная программа. Желаем вам и вашей команде успехов. Мне хотелось бы поучаствовать, быть полезной в вашей работе.
Как в Казахстане можно пятнадцать лет не исполнять решение суда
- Не удивительно,у меня есть решение суда с 2008 и не исполнено по сей день,на сумму 3000млн.тенге,хотя исполнительный находится у ЧСИ,вроде как решение суда не имеет ни какой силы,должникам закон не писан!