Әнші Төреғали Төреәлі Меккеге кетті
Төреғали ТӨРЕӘЛІ Меккеге кетті. Бұдан бұрын әлеуметтік желіде өзінің сәждеге жығылғанын жеткізген ол енді қажылыққа баруды жөн көрсе керек. Актер Әсет ЕСЖАН инстаграмдағы парақшасына: «Қажекелерді сапарға шығарып салу сәтінен. Қабыл болсын, бауырлар!» - деп, Меккеге аттанып бара жатқан бір топ жолаушылардың суретін салды. Олардың арасында Төреғали мен қатар «Өнер қырандары» театрының жетекшісі Мадияр СЕРІКБАЕВ пен жас актер Мерей Маханов та бар.
Тыңдарманына «Сөз беремін, мен енді өзгеремін...» - деген Төреғали осылайша хақ жолына түскенге ұқсайды.
Осыдан біраз уақыт бұрын ол өз парақшасына Мұхаметжан ТАЗАБЕКОВ пен уағызшы Әбдуғапар СМАНОВПЕН түскен суреттерін жариялаған. Алайда мұны көрген оқырмандардың пікірі қаққа жарылған еді. Бірі Төреғалидың бұл бастамасын құптаса, бірі оған аяғын «аңдап» басуға кеңес берген.
Мәселен ел ішінде ұстаз атанған Смановпен түскен суретіне i_am_shynar есімді желі қолданушысы: «Бұл ұстаздың бағыты дұрыс емес» - десе, rozaledi деген атпен тіркелуші: «Осының жанына жолай бермеші, сақалды болып шыға келесің. Тыныштық керек, жетпей тұрғаны сол еді», - деп Төреғалиға дүрсе қоя берген.
ФотоТөреғали Төрәлі мен Әсет Есжанның Instagram парақшасынан алынды.