Әріптесіміз 47-жасқа толған күні бақиға аттанды
Геннадий БЕНДИЦКИЙ ұзақ уақыт ауыр дертке шалдыққанын білмеді. Білген кезде үміт оты сөне бастаған еді. Әйтседе, талқаны таусылғанша өмір үшін күресіп. Отаны күткен болатын. Алайда ол күнге жете алмады.
Бүгін Гена 47 жасқа толған еді. Жазғанның жазуы ғой дүниеге келген күні өмірмен қоштасып кете барды. Қазақстандық журналистика қара жамылып қалды. Арамыздан кәсіби әріптесіміз кетіп отыр. Артында жары Аня мен екі баласы қалды.
Геннадий Бендицкий журналисттік зерттеу жанрындағы озық тілшілердің бірі еді. «Караван», «Время» басылымдары мен КТК, 31 телеарналарда еңбек етті. Өмірінің соңғы жылдары ratel.kz порталында қалам тербеді.
Порталымыздың қазақша нұсқасы әріптесіміздің мақаласымен ашылған еді. Қазақта қаза айтып келмейді деген сөз бар. Біз марқұмның отбасына, туған-туыстары мен достарына көңіл айтамыз.
Топырағы торқа болсын!