"Ұрпақтың қарғысына қаласыңдар". АЭС-ке қатысты соңғы қоғамдық талқылау өтті

774 просмотров
0
Ратель
Вторник, 20 Авг 2024, 12:30

Екі минут сөйлеген соң қарияның микрофонын өшіріп, оны залдан шығаруға тырысты

АЭС салуға қатысты референдум алдындағы соңғы талқылау Астанада өтті. Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Астанада АЭС салуды қолдау немесе бас тарту идеясы бойынша соңғы қоғамдық талқылау басталды. Оған атом саласының сарапшылары, мемлекеттік орган өкілдері, қоғам белсенділері қатысып жатыр.

Спикерлердің сөзінен кейін оларға қауіпсіздік, әлеуметтік-экономикалық аспектілер бойынша сұрақтар қоюға болады.

Бұған дейін Алматы, Талдықорған, Қарағанды, Ақтөбе, Ақтау, Павлодар, Семей, Шымкент және еліміздің басқа облыстарында қоғамдық талқылаулар өтті.

АЭС-ке қатысты жиында Астана тұрғыны пікір білдіріп, Семей полигоны зардабын айтты.

“Семейді ұмыттыңдар ма, зардабын әлі тартып жатырмыз. Тұрғындар Байқоңырдағы зардапты да әлі тартып жатыр. Уланып жатыр. Соны неге айтпайсыңдар? Осы үшін ұрпақтың қарғысына қаласыңдар”, - деді ол.

Екі минут сөйлеген соң қарияның микрофонын өшіріп, оны залдан шығаруға тырысты.

Еске салсақ, Алматыда АЭС құрылысына қатысты қоғамдық талқылауда тұрғындар шу шығарған еді.

Фото: әлеуметтік желіден.

ТАҚЫРЫПҚА ОЙ ҚОСЫП, ПІКІРІҢІЗБЕН БӨЛІСУ ҮШІН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!

Оставьте комментарий

- зампредседателя Комитета торговли МТИ РК
- В соответствии с действующим законодательством максимальная торговая надбавка на социально значимые продовольственные товары не должна превышать 15 процентов.
Игорь Проценко: Реестр казахстанских товаропроизводителей спасёт государство от ущерба на сотни миллиардов тенге
С какими проблемами сталкивается бизнес при регистрации в реестре (видео)
Максим Крамаренко: С помощью дипломатии БПЛА, Украина пытается «загнать» в стан своих союзников Казахстан
Комментарий руководителя ИАЦ «Институт евразийской политики»
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай
Терроризм в странах СНГ: как менялась угроза после распада СССР
От войн и «больших» захватов заложников к точечным атакам и транснациональным сетям
Новый статус Алматы: кому дали бата на площади Абая?
Что поможет самому большому городу Казахстана сформировать свой уникальный туристский бренд
Сотрудница полиции СКО внесла вклад в победу казахстанской команды на UAE SWAT Challenge 2026