Алматының теннис үстелдерінде 80 мың доллар сарапқа салынады

729 просмотров
0
Ратель
Четверг, 22 Авг 2024, 15:00

Әлемдік үстел теннисінің жұлдыздары Алматыда өтетін WTT Contender халықаралық турнирінде өнер көрсетеді

Қазақстан өз тарихында үшінші рет беделді WTT Contender Almaty халықаралық турнирін өткізеді.

Біздің еліміз үшін дәстүрге айналған спорттық шара Алматы қаласында 3-8 қыркүйек аралығында өтеді. Турнир өтетін орын ADD Ustel Tennis Ortalygy үстел теннисі орталығы болады.

Биыл WTT Contender Almaty - турниріне 120 спортшы қатысады. Олар әлемнің 22 елін таныстырады. Жанкүйерлер аралас жұптық разрядтағы әлем чемпионатының қола жүлдегері, жастар арасындағы әлем біріншілігінің алтын медаль иегері Линь ШИДУН (Қытай), командалық есептегі Олимпиада Ойындарының күміс жүлдегері Мива ХАРИМОТО (Жапония), жұптық есептегі Еуропа чемпионы Андрей ГАЧИНА (Хорватия), Еуропа чемпионатының жеңімпазы Элизабет САМАРА (Румыния) және басқалар сияқты әлемдік үстел теннисі жұлдыздарының қызықты ойындарын көруге мүмкіндік алады.

Қазақстан құрамасы атынан 11 ер және 11 әйел өнер көрсетеді. Олардың қатарында Рио-2016, Токио-2020, Париж-2024 Олимпиада ойындарының қатысушысы Кирилл ГЕРАСИМЕНКО, 2020 жылғы Олимпиаданың қатысушысы Анастасия ЛАВРОВА, микста жастар арасындағы әлем чемпионатының жеңімпазы Алан ҚҰРМАНҒАЛИЕВ, халықаралық турнирлердің түрлі жүлдегерлері Сарвиноз МИРКАДИРОВА, Зәуреш АҚАШЕВА бар.

Медальдар ерлер мен әйелдер арасында жеке разрядта, сондай-ақ жұптық және аралас разрядтарда ойналады.

Алдағы турнирдің жүлде қоры 80 000 АҚШ долларын құрайды.

Үстел теннисінің жанкүйерлері мен әуесқойлары үшін Нұркент шағынауданы, 14б мекенжайы бойынша тегін кіру қарастырылған.

Турнирді "Qazsport" телеарнасы және "World Table Tennis" (WTT) ресми YouTube арнасы тікелей эфирде көрсетеді.

ТАҚЫРЫПҚА ОЙ ҚОСЫП, ПІКІРІҢІЗБЕН БӨЛІСУ ҮШІН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!

Оставьте комментарий

- зампредседателя Комитета торговли МТИ РК
- В соответствии с действующим законодательством максимальная торговая надбавка на социально значимые продовольственные товары не должна превышать 15 процентов.
Игорь Проценко: Реестр казахстанских товаропроизводителей спасёт государство от ущерба на сотни миллиардов тенге
С какими проблемами сталкивается бизнес при регистрации в реестре (видео)
Максим Крамаренко: С помощью дипломатии БПЛА, Украина пытается «загнать» в стан своих союзников Казахстан
Комментарий руководителя ИАЦ «Институт евразийской политики»
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай
Терроризм в странах СНГ: как менялась угроза после распада СССР
От войн и «больших» захватов заложников к точечным атакам и транснациональным сетям
Новый статус Алматы: кому дали бата на площади Абая?
Что поможет самому большому городу Казахстана сформировать свой уникальный туристский бренд
Новая Конституция поддерживает созидательность и инновации