Алматыда 2600-ден астам сотталған азамат есепте тұр

998 просмотров
0
Ратель
Вторник, 20 Авг 2024, 15:30

Алматыда "Пробация" жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. САДЕНОВТЫҢ тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының тиімділігін арттыру және пробациялық қызметтің бақылауына алынған сотталғандар арасында қайталап қылмыс жасаудың алдын алу мақсатында  15-22 тамыз аралығында "Пробация" жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде.

Жедел-профилактикалық іс-шара кезінде бас бостандығынан айыруға байланысты емес жазалау шараларына сотталған адамдар туралы мәліметтерге соттармен, құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарымен салыстыру жүргізілуде.

Алматы қаласының пробация қызметінде 2600-ден астам сотталған адам есепте тұрады, оның ішінде 9 кәмелетке толмаған сотталған бар. Соның ішінде Алатау ауданы пробациялық қызметінің есебінде 720 адам тұр.

Жедел іс-шара кезінде сотталғандарды тұрғылықты жері бойынша тексеру Полиция департаменттерінің учаскелік инспекторларымен бірлесіп атқарылуда. Сондай-ақ аталған іс-шара кезіндегі міндеттерді орындауға пробация және полиция қызметтерінің жеке құрамы да көптеп тартылуда.

Осындай біріккен жұмыстардың нәтижесінде "Пробация" жедел іс-шарасы жүргізілген күннен бастап бүгінгі күнге дейін 83 құқықбұзушылық анықталды, оның ішінде 48 адам тұрғылықты жері бойынша болмаған немесе пробация қызметінің қызметкерлерінің хабардар етпей тұрғылықты жерін ауыстырған. Сондай-ақ, сотталғандардың тұрғылықты мекенжайы бойынша тіркеуінің, оның ішінде уақытша тіркеуінің болмауы сияқты басқа да құқықбұзушылықтар анықталды.

Фото: Алматы қаласы бойынша ҚАЖ департаменті.

ТАҚЫРЫПҚА ОЙ ҚОСЫП, ПІКІРІҢІЗБЕН БӨЛІСУ ҮШІН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!

Оставьте комментарий

- зампредседателя Комитета торговли МТИ РК
- В соответствии с действующим законодательством максимальная торговая надбавка на социально значимые продовольственные товары не должна превышать 15 процентов.
Игорь Проценко: Реестр казахстанских товаропроизводителей спасёт государство от ущерба на сотни миллиардов тенге
С какими проблемами сталкивается бизнес при регистрации в реестре (видео)
Максим Крамаренко: С помощью дипломатии БПЛА, Украина пытается «загнать» в стан своих союзников Казахстан
Комментарий руководителя ИАЦ «Институт евразийской политики»
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай
Терроризм в странах СНГ: как менялась угроза после распада СССР
От войн и «больших» захватов заложников к точечным атакам и транснациональным сетям
Новый статус Алматы: кому дали бата на площади Абая?
Что поможет самому большому городу Казахстана сформировать свой уникальный туристский бренд
Новая Конституция поддерживает созидательность и инновации