Білім беру тәсілі: елімізде жаңа оқу жылы қалай басталмақ

1509 просмотров
0
Ратель
Суббота, 31 Авг 2024, 13:30

Жаңа 2024-2025 оқу жылында Қазақстанда 3,9 млн-нан астам оқушы мектепке барады, оның 352 мыңы – бірінші сынып оқушылары

Күрделі жөндеуден өткен 178 мектеп 1 қыркүйекте ашылмақ. Жаңғырту жұмыстары жүргізілген 1 мыңға жуық ауылдық орта білім беру мекемесі де өз жұмысын бастайды. Өңірлерде оқытылатын пәніне сәйкес бейінді құрал-жабдықтармен 1 мың кабинетті жарақтандыру жоспарланғанымен 1,5 мыңнан астам пәндік кабинет жаңартылды.

Цифрлық инфрақұрылымды дамыту бойынша белсенді жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бүгінгі таңда STARLINK спутниктік интернеті 1 757 мектепте орнатылған, соның арқасында қосылу жылдамдығы 3 есеге артты. 122 мектепте интернет қосу жұмыстары аяқталуда. Бұл ретте барлық оқулықты цифрландыру жұмыстары аяқталды, 11 платформада электронды нұсқалар оқушыларға қолжетімді. Оқушының оқу траекториясын анықтау үшін бірінші сынып мұғалімдері Ұлттық білім беру дерекқоры арқылы бала дағдыларының деңгейін көрсететін Жеке даму картасын алады. Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына жасанды интеллект элементтерін енгізу мәселесі пысықталуда.

Оқушыларды әлеуметтік қолдауға ерекше көңіл бөлінеді. Алдағы оқу жылында Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 1,7 млн оқушы тегін ыстық тамақпен қамтылады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 300 мың балаға артық. Әлеуметтік жағынан осал отбасылардан шыққан 510 мыңнан астам оқушы оқу құралдарын сатып алуға көмек алды.

2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды тәрбиемен және оқытумен қамтуды арттыру үшін өңірлерде 31 мың жаңа орын ашылды. Мектепке дейінгі ұйымдарға бармайтын балалардың ата-аналары үшін 3,5 мыңнан астам консультациялық орталықтар ұйымдастырылды. Ата-аналарға бала күтімі мен оларды дамыту бойынша консультациялық көмек көрсету үшін "Беске дейін үлгер" мобилді қосымшасы іске қосылады.

Елімізде арнайы білім беру ұйымдарының желісі жыл сайын кеңейіп келеді. Инклюзивті мектептердің үлесі 88%-ға, ал балаларды арнайы қолдаумен қамту деңгейі 80%-ға дейін өсті. Биыл пилоттық режимде психологиялық-педагогикалық қолдаудың үш деңгейлі моделі енгізілуде, ерекше қажеттіліктері бар балалармен жұмыс істеуге арналған қолдау кабинеттері мен жеке бағдарламаларға жаңа талаптар әзірленді.

Техникалық және кәсіптік білім беру саласында Президенттің тапсырмасы бойынша биыл мемлекеттік тапсырыс 145 мың орынға дейін ұлғайтылды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 12 мыңға артық. Бұл ретте еліміз бойынша барлығы 772 ұйым оқушылар үшін ашық. 1 қыркүйектен бастап 300 мыңнан астам колледж студенттерінің шәкіртақысы 50%-ға артады, бұл 2022 жылмен салыстырғанда 2 есе көп. Сондай-ақ жаңа оқу жылынан бастап колледждер базасында 26 шағын кәсіпорын өз өнімдерін өткізеді. Жұмысшы кәсіптерінің беделін арттыру және шеберлік дағдыларын дамыту шеңберінде Францияда өтетін WorldSkills-2024 чемпионатында қазақстандық 32 студент ел намысын қорғайды.

Білім сапасын арттыру министрліктің және жалпы мемлекеттің басты міндеті болып қала беретінін айта кеткен жөн. Осылайша, алғаш рет "білім сапасы" ұғымы заңнамалық деңгейде бекітіліп, Ұлттық бағалау жүйесінің жаңа моделі жасалды. Бүгінгі таңда нысаналы мектептермен өзара байланыс бойынша нақты шаралар қабылданып, мұғалімдер мен әдіскерлерге мақсатты оқыту жүргізілуде. Жаңа оқу жылынан бастап "Цифрлы мұғалім" жобасы аясында аз қамтылған отбасынан шыққан оқушылармен жұмыс күшейтілмек. "Білім берудегі өзгерістердің 1000 көшбасшысы" бағдарламасы аясында тағы 1000 мұғалім оқытылады, ал өткен жылғы 134 түлек мектептердегі басшылық құрамға қосылды.

Читайте также
Мемлекет басшысы Конституция күнімен құттықтады

Мемлекеттің басым міндеті – бала қауіпсіздігін қамтамасыз ету және олардың құқықтарын қорғау. Биыл қыркүйек айынан бастап еліміздің барлық мектебінде "Қауіпсіздік сабақтары" енгізіліп, Психологиялық қолдау орталықтары өз жұмысын бастады. Қорғаншылық және қамқоршылық органдарының штаты 64%-ға өсті, сондай-ақ бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкілдер мәртебесі бекітілді. Өңірлерде зорлық-зомбылықтан зардап шеккен балаларға көмектесу үшін арнайы бағдарлама жүзеге асырылады, пилоттық форматта KiVa және DOSBALLIKE бағдарламаларын іске қосу жоспарланып отыр. Мектептерде өрт және терроризмге қарсы қауіпсіздікті қамтамасыз ету, дабыл түймесі, бейнебақылау жүйелері, турникеттер мен лицензияланған күзеттің міндетті болуы жөніндегі қауіпсіздік талаптары күшейтілді. Білім беру ұйымдары тиісті жүйелерімен барынша жабдықталған.

Білім берудің құрамдас бөлігі – тәрбие жұмысы. Бұл мәселеде мектеп шешуші рөлдердің бірін атқарады. 2023 жылдың қыркүйегінен бері оқушылар үшін "Біртұтас тәрбие" білім беру бағдарламасы енгізілді, ол жаңа оқу жылында Мемлекет басшысының III "Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс" ұлттық құрылтайында айтылған жалпыұлттық құндылықтарға сәйкес жаңартылған нұсқада іске қосылады. Әділдік – ұстаным, жауапкершілік – негіз, ілгерілеу – мақсат компоненттері адамгершілігі жоғары, адал әрі табысты болашақ ұрпақ тәрбиелеуге бағытталған.

Қазақстанда 33 шетелдік жоғары оқу орнының филиалдары ашылуда, олардың 7-уі 2024 жылдың қыркүйегінде жұмысын бастайды, бұл республиканың әлемдік білім беру кеңістігіне интеграциялануға деген ұмтылысын көрсетеді. QS World University Rankings сияқты университеттердің халықаралық рейтингіне 21 қазақстандық жоғары оқу орны, ал Times Higher Education рейтингіне 29 ЖОО қатысты, оның ішінде 4 жоғары позицияға ие болды. Білім беру саласындағы өсіп келе жатқан халықаралық ынтымақтастық 245-ке жуық бірлескен оқыту және қос дипломды бағдарламаларды іске асырумен расталады. Сонымен қатар жыл сайын 200 ғалымды тартуға қаражат бөлініп, ғылыми-зерттеу қызметін дамытуға септігін тигізуде.

Дүниежүзілік банктің "Орта білім беруді жаңғырту" жобасы шеңберінде қазақстандық 17 жоғары оқу орнының, Назарбаев Университеті Жоғары білім беру мектебінің және Финляндияның 2 университетінің қатысуымен педагогикалық білім беру моделі және 30 жаңа инновациялық бағдарлама әзірленіп, тиісті тізілімге енгізілді. 2023 жылы аталған білім беру бағдарламалары пилоттық режимде жүзеге асырылды, ал 2024 жылдың 1 қыркүйегінен бастап 49 ЖОО-да толық көлемде кеңейту жоспарланып отыр.

Читайте также
Қасым, Жомарт, Кемел. Қарапайым қазақтар үшеміне осындай есім берді

Бүгінгі таңда еліміздің 25 жоғары оқу орны заманауи білім беру ортасының талаптарына сәйкес келетін физика, химия және биологияны оқыту әдістемесі бойынша пәндік кабинеттермен, сондай-ақ 14 жоғары оқу орны инклюзивті білім беру кабинеттерімен жабдықталған. Көру қабілеті бұзылған студенттерге қолдау көрсету үшін алғаш рет жазбаша тапсырмаларды, презентацияларды және жоба жұмыстарын орындауға мүмкіндік беретін Брайль принтерлері сатып алынды.

Биыл Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ғылыми кадрларды даярлау үшін қосымша 100 грант бөлінді, сондай-ақ индустриялық PhD бағдарламасы алғаш рет енгізілуде. Бұл формат индустриямен бірлесіп экономиканың нақты секторындағы инженерлік-технологиялық міндеттерді шешуге мүмкіндік беретін мамандар даярлауды көздейді.

Білім беруді жаңғырту мақсатында Цифрлық университеттер моделі әзірленіп, Қ. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ және және Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ базасында пилоттық режимде  енгізілетін болады. Coursera, Huawei және Binance Kazakhstan сияқты ірі халықаралық компаниялармен ынтымақтастық шеңберінде өзара түсіністік туралы меморандумдар жасалды. Бұл 35 жоғары оқу орны базасында Huawei ICT академиясын құруға мүмкіндік берді, онда Binance Kazakhstan қолдауымен 22 университеттің 350-ге жуық оқытушысы блокчейн технологиялары бойынша оқытылды.

Сонымен қатар 102-ге жуық Coursera курсы қазақ және орыс тілдеріне аударылып, 2024 жылға дейін 93 жоғары оқу орнының қазақстандық студенттеріне 40 мың лицензия бөлінген. Студенттер әлемнің жетекші университеттерінің 20 мыңнан астам онлайн курстары мен 4200 жасанды интеллект курстарына қол жеткізді. Студенттерді OpenSearch сияқты IT жобаларына тарту және салалық тәжірибе алу үшін Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Amazon арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.

2024 жылы 15 отандық ЖОО Generative AI бағдарламасы аясында 12 мың студентке арналған жасанды интеллект бойынша Google курстарын іске қосуда. Екі жоғары оқу орны – Абай атындағы ҚазҰПУ және Жұбанов атындағы АӨУ Google for Education пилоттық жобасына қатысады.

Читайте также
Ресей орыстары Оралға жаппай көшіп келіп жатыр деген жалған хабар тарады

Кадрлық ресурстарды стратегиялық қамтамасыз ету мақсатында еңбек нарығында сұранысқа ие мамандарды даярлау үшін университеттердің, әкімдіктердің және бизнес құрылымдарының күш-жігерін біріктіретін "Мамандығым – болашақтым" жобасы іске қосылды. Сондай-ақ студенттердің қоғамдық өмірге және волонтерлік іс-шараларға қатысу дәрежесін ескеретін интеграцияланған әлеуметтік орташа балл (GPA) енгізілді.

Ғылым және жоғары білім министрлігі студенттік жатақханалардағы орын тапшылығын қысқарту бойынша жұмыс жүргізіп келеді. Жоғары білім мен ғылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасына сәйкес жыл сайын 10 мыңға жуық орын енгізу жоспарлануда. Соңғы 5 жылда студенттерді 50 мыңнан астам жаңа төсек-орынмен қамтамасыз ететін 211 жатақхана салынды. 2024 жылы қосымша 10 576 орынды пайдаланіға беру арқылы 27 жатақхананың құрылысын аяқтау жоспарлануда. Биылғы тамыз айына дейін 4650 орындық 17 жатақхана пайдалануға берілді.

Министрлік сондай-ақ жер телімдері тапшы Астана мен Алматы қалаларындағы мемлекеттік жоғары оқу орындарына мемлекеттік тапсырыс көлемін ұлғайту туралы бұйрық жобасын әзірледі. Аталған бастама аясында ғимараттарды жатақханаға айналдыру мақсатында реконструкциялау кезінде қаржыландыру жылына бір төсек орынға 92 АЕК-тен 182 АЕК-ке дейін ұлғайтылады, бұл осы мегаполистердегі студенттердің өмір сүру жағдайын жақсартады.

Фото: primeminister.kz.

ТАҚЫРЫПҚА ОЙ ҚОСЫП, ПІКІРІҢІЗБЕН БӨЛІСУ ҮШІН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!

Регистрация для комментариев:



Вам отправлен СМС код для подтверждения регистрации.




журналист
Марафондарыңды… Сендер айдалаға барып жүгіріңдерші. Көше жауып, пробка жасамай.
Сможет ли Трамп заставить казахские власти суетиться
Тарифная война - это так плохо, что даже и хорошо
От публикации на Ratel.kz до отказа от закупки георгиевских лент ко Дню Победы прошло всего несколько часов
Как научить отечественных чиновников отличать казахстанский патриотизм от российского
Как Жакип Асанов поспособствовал беспределу МФО
Почему нужно допросить сенатора в ходе расследования мошенничества микрофинансовых организаций
Ходоки из Сеула у министра энергетики
Корейцы первыми пожаловались на дешёвую нефть для казахстанских заводов
Штрихи к портрету экономики Казахстана
Количественные характеристики
AMERICA IS BACK
США переходят от модели глобального одностороннего доминирования и мирового шерифа к знакомой парадигме самодостаточного лидера
Подгорное: чем ныне живёт старый казачий выселок, откуда уехали русские
Живописный Казахстан: взгляд Андрея Михайлова
Алма-Ата и Алматы. Гендерное неравенство в городских названиях
Пища для размышлений
Как замруководителя ДЭР СКО давил на присяжных, а дело возбудили на другого
Департамент собственной безопасности АФМ сообщил борцам с коррупцией, что расследует дело по факту давления на присяжных, указав при этом номер совсем другого дела
Казахстанская энергетика: перезимовали… Что дальше
В южных регионах Казахстана уже в первой половине апреля отключили отопление
За что актюбинский нотариус набросился на юриста
Причиной могла стать денежная клиентка
Медики ВКО прогнозируют ухудшение здоровья населения из-за грядущего повышения налоговых ставок
По их подсчётам, цены на услуги поликлиник вырастут на 30-40 процентов
Стройка BI Group в центре Караганды: при чём тут Дарига Назарбаева
Жители города продолжают выступать против застройки участка возле парка
В СКО 99-летнего ветерана войны нашли на улице с серьёзными переломами
Василий Макиенко был доставлен машиной скорой помощи в многопрофильную больницу Петропавловска
Почему упали таможенные поступления на границе с Китаем
Как фискалы объясняют расхождения в зеркальной статистике с данными коллег из Поднебесной
Алматинка 14 лет назад взяла более 300 млн в банке и сейчас должна столько же, несмотря на продажу дорогостоящего имущества. Часть 2
Ужасающая и нескончаемая история банковского рейдерства
Как охранники разворовывали "АрселорМиттал Темиртау"
В 2016 году члены банды вахтёров расстреляли шахтёров в Степногорске
Когда правительство возьмётся за яйца
Прагматично-патриотическое молодёжное движение издало "Ежедневник строителя Второй Республики" с цитатами президента
Исповедь молодого сантехника и молодого акима. Часть 1
- ВЛАДИМИР, огромное Вам человеческое спасибо от всей души и чистого сердца, самое главное здоровья и ещё раз здоровья. На таких людях как Вы, города и держатся. Профессионалов как Вы, необходимо ставить руководителями, которые знают проблему из внутри. Ещё раз ОГРОМНОЕ СПАСИБО!!!!!!!
Когда правительство возьмётся за яйца
- Просто шедевральная статья. Особенно в точности описывает функции партий, которые описаны в данной статье. Изречения которые должны быть прочитаны и приняты во внимание. Самое главное чтобы данный ежедневник был прочитан и принят во внимание. (Про выражение где фигурирует Троцкий просто ШЕДЕВРАЛЬНО и в точку)...
Отчего после публикаций Ratel.kz нервничают в ТОО "AB Energo"
- Сергей, ОГРОМНОЕ Вам спасибо за новое расследование. Всегда держите в напряжение. Ожидаем продолжение... (Интересно, что скажет ещё на это и ГУ "Аппарат акима Абайского района Карагандинской области)
Премьер Смаилов как аманат Назарбаева
- Спасибо большое , здоровье и удачи Вам и Вашим близким, то что Вы творите лучше всех государственных программ по воспитанию . Готовая программа к действию для улучшения жизни населения. Огромное удовольствие что у нас имеется такие журналисты и такой коллектив.
Депутатский запрос фракции "Ак жол": чем комитет гражданской авиации занимался пять лет
- Если случится ещё трагедия , то кого будут винить опять? Всех собак спустили на авиакомпанию Bek Air, хотя надо было просто решать проблему с незаконными постройками намного раньше этой катастрофы. Нельзя это так оставлять. Всех пересажать за коррупцию , кто являлся корнем проблемы!
Все дороги ведут в Каражал: горькая начинка "сладкого пирожочка"
- Огромное спасибо автору за проделанную работу! Только в нашей группе более 100 человек постравших от этой компании в лице гендиректора Максата Токмагамбетова, бессовестного, наглого мошенника, который почему-то до сих пор остаётся безнаказанным, хотя прокуратура и следственные органы завалены сотнями, сотнями заявлений пострадавших. Но мы не остановимся и будем добиваться, чтобы этот "человек", наконец-то, понёс наказание!
Как аким Досаев уничтожает Алматы и рейтинги президента Токаева
- Каменское плато- в р-не обсерватории идет застройка, хотя весной сошел оползень на ул Алмалыкской. Акимат частично помог организовав сброс воды с вышележащего участка на нижнюю часть улицы и домовладельцу в расчистке. Но других мер по предотвращению развития оползневой зоны не принято. Вырублен сад, на месте его строится элитный комплекс Вилла Белгравиа. Летом, здесь нехватка воды, отключения электроэнергии, что будет при вводе в эксплуатацию этого, т.к.доп коммуникаций застройщик не делает.