Қаз   Рус

Қытайда жылына 13 млн адам кедейліктен құтылады

9 қаралды
0
ҚазАқпарат
Среда, 06 Дек 2017, 16:30

Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде Қытай Халық Республикасының соңғы бес жылдағы жетістіктеріне арналған «Таңғажайып Қытай» фотокөрмесі ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі мен Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы елшілігі ұйымдастырған бұл фотокөрме Қытай Коммунистік партиясы мен оның көшбасшысы Си Цзиньпиннің басшылығымен Қытайдың соңғы бес жылдағы тарихи жетістіктерін көрсетуге бағытталған.

«Ұлттық музей ел астанасында орналасқан мәдени орын ретінде шет мемлекеттердің Елшіліктерімен бірлесіп, көптеген мәдени шаралар ұйымдастыруда. Солардың бірі - бүгінгі «Таңғажайып Қытай» фотокөрмесі. Қытай  коммунистік партиясы көпұлтты мемлекетті басқара отырып, тарихи реформаларды жүргізу, экономика және сауда, ғылым мен техника, халықаралық қатынастар және салаларға баса назар аударып, болашаққа нық қадам жасап келеді. Дәл осындай көрмелерді ұйымдастыру арқылы, екі ел арасындағы саяси-экономикалық байланыстармен қатар мәдени қарым-қатынастарды да арттыра аламыз. Алдағы уақытта да көптеген шаралар атқарамыз деген сенімдеміз», - деді ҚР Ұлттық музейі директорының міндетін атқарушы Леонид Кочетов.

Өз кезегінде Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Чжан Ханьхуэй желтоқсан айының Қазақстан мемлекеті үшін мерекеге толы ай екенін атап өтіп, барша қазақстандықтарды келе жатқан мейрамдармен құттықтады және қазан айында Бейжіңде өткен Қытай коммунистік партиясының ХІХ съезін ерекше атап өтті.

«Қазан  айының 18-24 күндері Бейжіңде Қытай коммунистік партиясының ХІХ съезі өтті. Бұл Қытай үшін тарихи әрі маңызды оқиға болды. Осы съезде партия тұжырымдамасына жаңа өзгерістер енгізіліп, Қытайдың жаңа социалистік бағдарламасындағы белестерге қол жеткізу үшін жасалатын жоспарлар бекітілді», - дейді Чжан Ханьхуэй. Елшінің айтуынша, соңғы 5 жылдың ішінде ҚХР басшылығы кедейлікті жою бойынша үлкен іс атқарған. Жылына 13 млн-нан астам адам кедейліктен құтылады. ЖІӨ көрсеткіші де салыстырмалы түрде ұлғайған. Сондай-ақ, Қытай билігі қазақстандық тараппен бірлесіп, тағдырлар мен мүдделер ортақтастығын құруға дайын. 

«Тағдырлар мен мүдделер ортақтастығы дегеніміз - Қытай мен Қазақстанның өзара тәжірибе алмасуы, әсіресе Қытай өз дамуындағы тәжірибесімен бөлісуі, бірлесе жұмыс істеу және атқарған істердің жемістерін бірге көру. Қытай басшылығы Қазақстанмен арадағы қарым-қатынасты жоғары бағалайды және қазақ халқына үлкен достастықпен және ықыласпен қарайды», - деді Елші. Сондай-ақ, Елшілік өкілі келесі жылдан бастап, Қытай көрмесі бойынша шараларды ай сайын өткізіп тұру жоспарланғанын хабарлады. «Көрмелер арқылы Қытайдың әрбір провинцияларын, көрікті мекендерін көре аласыздар. Қай орын туралы келушілердің қызығушылығы туса, сол жер туралы қажетті ақпараттарды беруге дайынбыз», - деп өз сөзін түйіндеді Чжан Ханьхуэй.

 

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
Дело «чёрных старателей» – КНБ vs МВД
- Вы бы летом туда приехали, сразу после задержания начальника полиции. по ночам вся степь от прожекторов сияла раскопки шли вовсю
13 лет на линии: ночной автобус № 3 остаётся надёжной альтернативой такси в Алматы
- Отдуши, оставили. 3 маршурут ,ведь этот маршурут многим экономит денги для тех кто ночию работают особенно молодеж ,ведь они. Рабоьают с фери обслужвание до последнего клиннта всякие бары кафе рестораны и другие всякие работы.
ЕНПФ объяснил, как работа в странах ЕАЭС учитывается при назначении пенсии
- Почему промолчали про учет стажа работы между государствами ЕАЭС до 1 января 1998 года, в договоре про это тоже написано. Или боитесь огласки, что в РК этот пункт договора игнорируют? А ну да, вы же пишите по материалам пенсионного фонда, а там этот пункт договора военная тайна... :)
В Алматы начат снос незаконного рынка Жетысу-Семиречье
- Такой хороший рынок,не надо ездить далеко на барахолку, можно все, практически все найти на этом рынке - вещи, продукты, стройматериалы, бытовую технику и т.д. Жаль если он тоже уйдет под снос.
Хроники Верного. "Секретные материалы" из старой папки
- Да, эта папка имеет огромную ценность. Я потомок из этой семьи, очень много конечно утеряно в советское время информации. Папа говорит что старики наши шепотом о тех временах говорили. Ушли те кто мог бы поведать всю историю семьи, а в воспоминаниях папы только фрагменты тихих разговоров. Хотелось бы посетить архив в Алматы и соединить не достающие фрагменты. Спасибо за то что с таким теплом поведали нам историю семьи Шахворостовых. Вера