Қаз   Рус

Қытайда Солтүстік Қазақстан облысының кеңсесі ашылады

14 қаралды
0
kaztag.kz
Понедельник, 27 Ноя 2017, 13:30

Бейжіңде өзара ынтымақтастық мәселелерін тез арада шешу үшін Солтүстік Қазақстан облысының кеңсесі ашылады, деп хабарлайды ҚазТАГ тілшісі.

Облыс әкімінің ресми сайтында жарияланған хабарда айтылғандай, облыс әкiмi Құмар Ақсақалов жұмыс бабымен Қытай Халық Республикасының Хубэй провинциясында болды. Аталмыш сапар биылғы жылдың тамыз айында өткен аймақтық кеңестiң келiсiмдерi аясында ұйымдастырылды. 61 млн халқы бар Хубэй провинциясы экономикада бесiншi орынға ие, бұл өңiр бiрлескен жобаларды жүзеге асыруда стратегиялық серiктес бола алады.

Ухань қаласында өңiр басшысы жергiлiктi компаниялардың басшыларымен келiссөздер өткiздi. Азық-түлiк өнiмдерiн импортқа шығаратын iрi сауда желiлерiмен де кездесу ұйымдастырылды. Облыс экономикасына инвестиция құюға құлық танытқан Бейжiң қаласы мен Шаньдун, Хэнань, Цзянсу, Шэнси провинцияларынан келген кәсiпорындардың өкiлдерi де кездесуге қатысты. Келiссөздер барысында СҚО-ның инвестициялық мүмкiндiктерi айтылды. Өңiр басшысы қытайлық бизнесмендердi бiрлескен жобаларды жүзеге асыру үшiн Солтүстiк Қазақстан өңiрiне шақырды. Жуық арада Бейжiңде өзара ынтымақтастық мәселелерiн шұғыл шешуге арналған СҚО-ның офисi ашылады.

«Бiздiң өңiр бiрнеше бағыт бойынша экономикалық ынтымақтастықты ұсына алады. Әсiресе, ауыл шаруашылығы, өнеркәсiп, инновация, сауда салаларында жұмыс жасауға болады. Инвестициялық жобаларға мемлекеттiң есебiнен өндiрiстiк инфрақұрылым тартылады. Әр жобаны жеке-жеке қарастырамыз», — дедi Құмар Ақсақалов.

Қытай Халық Республикасына жұмыс сапары аясында облыс әкiмi Құмар Ақсақалов Хубэй провинциясының губернаторы Ван Сяодунмен де кездестi.

«СҚО-мен ынтымақтастықты одан әрi дамытуда үлкен қадам жасап отырмыз. Ауыл шаруашылығы, өнеркәсiп, инфрақұрылым құрылысы, машина жасау, қайта өңдеу және туризм бағытында iскерлiк ынтымақтастығымызды одан әрi тереңдете түсемiз. Кәсiпорындар мен бизнес өкiлдерiне байланысты нығайту үшiн барын жасаймыз», — дедi Ван Сяодун.

«Жақсы дамыған өндiрiстiк база, ғылым мен бiлiмi iлгерi кеткен Хубэй провинциясы мен ресурстары бай әрi дамыған ауыл шаруашығы бар СҚО бiр-бiрiн толықтырып тұр. Бұл ынтымақтастықтың үлкен мүмкiндiктерiн көрсетедi. Бұл сапар әр түрлi салаларда бiрлескен жобаларды жүзеге асыруға үлкен септiгiн тигiзедi», — дедi Құмар Ақсақалов.

Кездесу соңында СҚО әкiмдiгi мен Хубэй провинциясының халық үкiметi арасында ынтымақтастық жөнiндегi меморандумға қол қойылды.

Шиян қаласында облыс әкiмi қала басшысы Занг Вейгуомен кездестi. Жиында екi жақты ынтымақтастық мәселелерi талқыланды. Облыс әкiмi «Dongfeng Motor Corporation» iрi зауытын да аралады. Бұл кәсiпорын автомобиль жасаумен айналысады.


 

 

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
Дело «чёрных старателей» – КНБ vs МВД
- Вы бы летом туда приехали, сразу после задержания начальника полиции. по ночам вся степь от прожекторов сияла раскопки шли вовсю
13 лет на линии: ночной автобус № 3 остаётся надёжной альтернативой такси в Алматы
- Отдуши, оставили. 3 маршурут ,ведь этот маршурут многим экономит денги для тех кто ночию работают особенно молодеж ,ведь они. Рабоьают с фери обслужвание до последнего клиннта всякие бары кафе рестораны и другие всякие работы.
ЕНПФ объяснил, как работа в странах ЕАЭС учитывается при назначении пенсии
- Почему промолчали про учет стажа работы между государствами ЕАЭС до 1 января 1998 года, в договоре про это тоже написано. Или боитесь огласки, что в РК этот пункт договора игнорируют? А ну да, вы же пишите по материалам пенсионного фонда, а там этот пункт договора военная тайна... :)
В Алматы начат снос незаконного рынка Жетысу-Семиречье
- Такой хороший рынок,не надо ездить далеко на барахолку, можно все, практически все найти на этом рынке - вещи, продукты, стройматериалы, бытовую технику и т.д. Жаль если он тоже уйдет под снос.
Хроники Верного. "Секретные материалы" из старой папки
- Да, эта папка имеет огромную ценность. Я потомок из этой семьи, очень много конечно утеряно в советское время информации. Папа говорит что старики наши шепотом о тех временах говорили. Ушли те кто мог бы поведать всю историю семьи, а в воспоминаниях папы только фрагменты тихих разговоров. Хотелось бы посетить архив в Алматы и соединить не достающие фрагменты. Спасибо за то что с таким теплом поведали нам историю семьи Шахворостовых. Вера