Қытайдың Сянган ауданындағы Дапу тасжолында екі қабатты автобус аударылып, 18 адам қаза тапқан және 62 адам зардап шеккен. Зардап шеккендердің ішінде 10 адамның жағдайы ауыр, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.
Автобус жүргізушісі автобусты қауіпті жүргізгені үшін ұсталған. Өңірдегі аға полицей Ли Чживэй оқиға орнында болған баспасөз мәслихатында Kowloon Motor Bus /KMB/ компаниясының екі қабатты автобусының жүргізушісі сағат 18:15-те автобус аялдамасының маңында рульді басқара алмай, сол жақ бортқа қарай аударылып кеткен. Апат жылдамдықты асыру салдарынан болған деп болжануда.
Бұл 2003 жылдан бері Сянганда болған алғашқы ең ірі жол апаты.