РФ президенті Владимир Путин Сербия сыртқы істер министрі Ивиц Дачич пен Қазақстан президентінің көмекшісі Нұрлан Онжановты «Достық» орденімен марапаттау туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлады жарлыққа сілтеме жасаған «Росбалт».
«Халықтар арасындағы достық пен ынтымаұтастықтың нығаюына қосқан үлсеі, ұлттар мен ұлыстардың мәдениетін жақындату жөніндегі жемісті еңбегі үшін «Достық» орденімен Дачич Ивицті – Сербия Республикасының сыртқы істер министрі, үкімет төрағасының бірінші орынбасары; Оңжанов Нұрлан Баймолданович – Қазақстан Республикасының президент көмекшісі марапатталсын», - делінген құжатта.
Сонымен қатар, құжатқа сәйкес, РФ президенті Солтүстік Ирландия және Ұлыбритания Біріккен корольдігі құзырындағы азамат Дэй Джеймсті Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында Солтүстік мұхитта кемелерді қарауылдауға қатысу барысындағы жеке ерлігі және жанқиярлығы үшін Ушаков медалімен марапаттауды тапсырды.