Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Америка Құрама Штаттарына ресми сапармен барды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. «Қазақстан Президенті Вашингтон қаласына келді. Ресми сапар аясында Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ Президенті Дональд Трамппен, сондай-ақ АҚШ тың ресми және іскер топтар өкілдерімен кездеседі» делінген хабарламада. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің отырысына қатысады.