Mastercard пен HalalTrip туристік порталы жүргізген зерттеу бойынша, 2025 жылы 18-36 жас арасындағы мұсылмандар саяхаттауға 100 млрд доллардан көп қаржы жұмсайды, деп хабарлайды 7kun.kz.
Қазіргі уақытта мұсылмандар Малайзия мен Индонезияға ең көп саяхат жасайды. Сонымен қатар, Жапония, Таиланд және Австралия елдерінде мұсылмандарға жағдай жасалған жерлер көбейіп келеді.
Мұсылман туристерге арналған Halal Media Japan Co. ақпараттық сайты Жапонияның жергілікті бизнес өкілдері мешіттермен байланыс орнатқанын айтады.
Phocuswright Inc. компаниясының сарапшысы Дуглас КУИНБИДІҢ айтуынша, туризмнің бұл саласын жақсартып, туристердің қажеттіліктерін өтеу керек. Себебі барлық елдерде мұсылмандарға жақсы жағдай мен мүмкіншіліктер жасалмаған.
Зерттеушілердің болжамы бойынша, 2020 жылы саяхаттауға шығатын мұсылман туристердің саны 156 миллионға жетпек.