Қаз   Рус

Моңғолия қазақтары Қазақстанның латын қарпіне көшу қадамын қолдады

9 қаралды
0
ҚазАқпарат
Понедельник, 11 Дек 2017, 14:00

Қазақстанның Моңғолиядағы Елшілігі Ұлан-Батырда қазақ тілін латын графикасына негізделген әліпбиге көшіру мәселелеріне арналған «дөңгелек үстел» ұйымдастырды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА-ның Қытайдағы меншікті тілшісі. Қазақстан халқы тілдері күні аясында өткен шараға Моңғолиядағы қазақ диаспорасы, мемлекеттік органдардың өкілдері, сондай-ақ шығармашыл зиялы қауым және белсенді қазақ жастары қатысты. Қазақстанның Моңғолиядағы Елшісі Қалыбек Қобыландин жиналғандарға Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауы аясында жүргізіліп отырған реформалар турасында әңгімеледі.

Шара қатысушылары Қазақстандағы реформаларға, соның ішінде қазақ алфавитінің латын графикасына өтуіне тілектестік білдірді. Моңғолия Ғылым академиясының академигі, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы алқасының мүшесі Бәкей Ағыпарұлы қазақ алфавитінің латынға көшуі Қазақстан үшін саяси маңызға ие екендігін тілге тиек етті. Сонымен қатар академик латын қарпіне өтерде қазақ әріптерінің төл ерекшеліктеріне қатысты кейбір аспектілерді егжей-тегжейлі зерттеу қажеттігін баса айтты.

Моңғолияның еңбек сіңірген оқытушысы Барун Ардақ және «Ел бірлігі» қоғамдық кеңесінің атқарушы директоры Жеңісбек Қайрат латын қарпіне көшу қазақстандықтарға уақыт пен прогрессивті қоғам мүдделерінің талаптарын ескере отырып, ұлттық ерекшеліктерімізді сақтап қалуға мүмкіндік береді деген ортақ пікір білдірді. Осы орайда Қазақстанда монғолиялық қазақ мұғалімдері үшін жаңа әліпбиді үйрету курстарын ұйымдастыру мәселелері де қозғалды.

 


 

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
Дело «чёрных старателей» – КНБ vs МВД
- Вы бы летом туда приехали, сразу после задержания начальника полиции. по ночам вся степь от прожекторов сияла раскопки шли вовсю
13 лет на линии: ночной автобус № 3 остаётся надёжной альтернативой такси в Алматы
- Отдуши, оставили. 3 маршурут ,ведь этот маршурут многим экономит денги для тех кто ночию работают особенно молодеж ,ведь они. Рабоьают с фери обслужвание до последнего клиннта всякие бары кафе рестораны и другие всякие работы.
ЕНПФ объяснил, как работа в странах ЕАЭС учитывается при назначении пенсии
- Почему промолчали про учет стажа работы между государствами ЕАЭС до 1 января 1998 года, в договоре про это тоже написано. Или боитесь огласки, что в РК этот пункт договора игнорируют? А ну да, вы же пишите по материалам пенсионного фонда, а там этот пункт договора военная тайна... :)
В Алматы начат снос незаконного рынка Жетысу-Семиречье
- Такой хороший рынок,не надо ездить далеко на барахолку, можно все, практически все найти на этом рынке - вещи, продукты, стройматериалы, бытовую технику и т.д. Жаль если он тоже уйдет под снос.
Хроники Верного. "Секретные материалы" из старой папки
- Да, эта папка имеет огромную ценность. Я потомок из этой семьи, очень много конечно утеряно в советское время информации. Папа говорит что старики наши шепотом о тех временах говорили. Ушли те кто мог бы поведать всю историю семьи, а в воспоминаниях папы только фрагменты тихих разговоров. Хотелось бы посетить архив в Алматы и соединить не достающие фрагменты. Спасибо за то что с таким теплом поведали нам историю семьи Шахворостовых. Вера