Словакияның Попрад қаласында көлік жүргізушісі рульге ие бола алмай қалып, балалардың тобына соғылды
Словакияның Попрад қаласында көлік жүргізушісі рульге ие бола алмай қалып, балалардың тобына соғылды. Салдарынан 12 балдырған түрлі дене жарақаттарын алды. Бұл туралы жергілікті полиция Фейсбуктегі парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеп. «Автомобильді оңды-солды лақтырып, ақыры ол 12 жасқа дейінгі 12 балаға барып соғылды», - делінген хабарламада. Атап өтілгендей, екеуінің жарақаты ауыр деп бағалануда. Жүргізуші оқиға салдарынан зардап шеккен жоқ.