Қаз   Рус

«Ислам мемлекеті» Ирак пен Сирия аумағының 95 пайызын жоғалтты

12 қаралды
0
kaztag.kz
Четверг, 23 Ноя 2017, 12:30

«Ислам мемлекеті» (ИМ) террористік тобы, оған қарсы шығарылған әскери іс-қимылдар нәтижесінде, 2014 жылдың жазында бақылаған Ирактағы және Сириядағы аумақтардың 95 пайызын жоғалтты, деп хабарлайды АуТАГ агенттігі TAСС-қа сілтеме жасап.

«2014 жылдың жазынан бері ИМ Иракта және Сирияда бақыланған аумақтың 95 пайызын  жоғалтқан, 7,5 миллионнан астам адам оның езгісінен босатылды», - деді БҰҰ Бас хатшысының Ирактағы арнайы өкілі. Ян Кубиш БҰҰ ҚК отырысында (БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі).

Эмиссардың айтуынша, ИМ-ді жеңу үшін «өте жоғары баға төлеуге тура келді».

«Мыңдаған әйелдер жесір қалған, мыңдаған адам жараланып, қаза болды, балалар жетім болды, жүздеген мың миы уланған балалар тиісті білімсіз қалады, бүкіл қалалар күйреген, 6 миллионға жуық адам үйлерін тастап кетті», деп мәлімдеді Я.Кубиш.

Ол «ИМ соғыс құрбандарына, барлық азаматтарға - азаматтық тұлғалар мен қауіпсіздік күштерінің мүшелеріне, сондай-ақ олардың отбасыларына» көңіл айтты.

БҰҰ-ның арнайы өкілі АҚШ-тың жетекшілігіндегі коалициясын, сондай-ақ аймақ елдерін және халықаралық ойыншыларды «Иракқа ИМ-інің үстінен соңғы жеңіске жетуге және тұрақтылықты қалпына келтіруге көмектесуге бағытталған әскери және әскери емес күш-жігерді табанды түрде жалғастыруға» шақырды.

Оның айтуынша, Иракта басты басымдық - ел ішінде көшіп кетуге мәжбүр болғандардың қайта оралу қауіпсіздігіне, сондай-ақ зардап шеккен аймақтарды тұрақтандыруға, оңалтуына жағдай жасау. Сонымен бірге, этникалық және діни азшылықтардың өмір сүретін өңірлеріне ерекше назар аудару керек, деп атап өтті Я. Кубиш.

Ол сондай-ақ Ирактағы ішкі келіспеушіліктерді еңсеру қажеттігін атап өтті және «Бағдадтың, аймақ елдерінің кеңестері мен халықаралық қоғамдастықтың, оның ішінде БҰҰ-ның қаламауына қарамастан, 25 қыркүйекте өткен референдум қорытындысы бойынша тәуелсіздігін жариялаған Ирак Күрдістандағы жағдайға ерекше тоқтады», деп мәлімдеді.

«Бұдан кейін Багдад пен Эрбил арасындағы қақтығыс тұрақсыздық пен бөлшектенуді арттырды», - деді елші. Ол тағы да Күрді билігі мен Ирактың үкіметін күш қолданудан, қауіп-қатер, арандатушылық мәлімдемелер мен қарсы қадамдарды қолданудан бас тартуға шақырды және барлық келіспеушіліктерді диалог арқылы шешуге шақырды.

Я.Кубис БҰҰ Иракты «біртұтас, федеративті және демократиялық» мемлекет ретінде көргісі келетінін айтты.

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
Дело «чёрных старателей» – КНБ vs МВД
- Вы бы летом туда приехали, сразу после задержания начальника полиции. по ночам вся степь от прожекторов сияла раскопки шли вовсю
13 лет на линии: ночной автобус № 3 остаётся надёжной альтернативой такси в Алматы
- Отдуши, оставили. 3 маршурут ,ведь этот маршурут многим экономит денги для тех кто ночию работают особенно молодеж ,ведь они. Рабоьают с фери обслужвание до последнего клиннта всякие бары кафе рестораны и другие всякие работы.
ЕНПФ объяснил, как работа в странах ЕАЭС учитывается при назначении пенсии
- Почему промолчали про учет стажа работы между государствами ЕАЭС до 1 января 1998 года, в договоре про это тоже написано. Или боитесь огласки, что в РК этот пункт договора игнорируют? А ну да, вы же пишите по материалам пенсионного фонда, а там этот пункт договора военная тайна... :)
В Алматы начат снос незаконного рынка Жетысу-Семиречье
- Такой хороший рынок,не надо ездить далеко на барахолку, можно все, практически все найти на этом рынке - вещи, продукты, стройматериалы, бытовую технику и т.д. Жаль если он тоже уйдет под снос.
Хроники Верного. "Секретные материалы" из старой папки
- Да, эта папка имеет огромную ценность. Я потомок из этой семьи, очень много конечно утеряно в советское время информации. Папа говорит что старики наши шепотом о тех временах говорили. Ушли те кто мог бы поведать всю историю семьи, а в воспоминаниях папы только фрагменты тихих разговоров. Хотелось бы посетить архив в Алматы и соединить не достающие фрагменты. Спасибо за то что с таким теплом поведали нам историю семьи Шахворостовых. Вера