Қаз   Рус

Ирандағы жер сілкінісі құрбандарының саны 211-ге жетті

63 қаралды
0
kaztag.kz
Понедельник, 13 Ноя 2017, 15:20

Ирандағы жер сілкінісі құрбандарының саны 211-ге артты, деп хабарлайды ҚазТАГ ТАСС агенттігіне сілтеме.

«Иран мен Ирактың шекарасында жексенбі күні кешке болған 7,2 магнитудалық жер сілкінісінен кем дегенде 211 адам қаза болды. Бүгінгі күні құтқарушылар 207 мәйітті алып кетті. Ирактың аумағында тағы 4 адам қаза тапты», - деп хабарлады дүйсенбіде Керманшах провинциясының медицина қызметкерлері.

Зардап шеккендердің саны 1600 адамнан асты. Ең көп зардап шеккендер мен қирау Иранның Керманшах және Илам провинцияларында болды.

«Иран президенті Хасан Рухани барлық зардап шеккендерге көмек көрсетуді тапсырды. Апаттық аймаққа қосымша құтқару бөлімдері жіберілді, онда Қызыл Жарты ай басқармасы іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізді. Адамдарды зардап шеккен аудандарда қажетті өнімдермен, жылы киіммен және отынмен қамтамасыз ету үшін далалық ауруханалар таратылды», - делінген хабарда.

Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, провинциялық әуежайлар тұрақты режимде жұмыс істейді, 20-дан астам армия тікұшақтары құрбандарды Тегеранға жіберуге дайын. Елдің стратегиялық нысандары, оның ішінде мұнайгаз инфрақұрылымы зардап шеккен жоқ.

«Жергілікті тұрғындар үйлерін тастап, жер сілкінісінің қайталануынан қорқып, от жағып, көшеде қалып отыр. Бірнеше сағатта магнитудасы 3,6-дан 4,7-ге дейін болатын 12 сілкініс тіркелді», - делінген материалда.

Жер сілкінісінің ошағы Ирактың Сүлеймания қаласынан 103 шақырым жерде және Иранның Сарпол-е-Захаб қаласынан 32 шақырым жерде болды.

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
Дело «чёрных старателей» – КНБ vs МВД
- Вы бы летом туда приехали, сразу после задержания начальника полиции. по ночам вся степь от прожекторов сияла раскопки шли вовсю
13 лет на линии: ночной автобус № 3 остаётся надёжной альтернативой такси в Алматы
- Отдуши, оставили. 3 маршурут ,ведь этот маршурут многим экономит денги для тех кто ночию работают особенно молодеж ,ведь они. Рабоьают с фери обслужвание до последнего клиннта всякие бары кафе рестораны и другие всякие работы.
ЕНПФ объяснил, как работа в странах ЕАЭС учитывается при назначении пенсии
- Почему промолчали про учет стажа работы между государствами ЕАЭС до 1 января 1998 года, в договоре про это тоже написано. Или боитесь огласки, что в РК этот пункт договора игнорируют? А ну да, вы же пишите по материалам пенсионного фонда, а там этот пункт договора военная тайна... :)
В Алматы начат снос незаконного рынка Жетысу-Семиречье
- Такой хороший рынок,не надо ездить далеко на барахолку, можно все, практически все найти на этом рынке - вещи, продукты, стройматериалы, бытовую технику и т.д. Жаль если он тоже уйдет под снос.
Хроники Верного. "Секретные материалы" из старой папки
- Да, эта папка имеет огромную ценность. Я потомок из этой семьи, очень много конечно утеряно в советское время информации. Папа говорит что старики наши шепотом о тех временах говорили. Ушли те кто мог бы поведать всю историю семьи, а в воспоминаниях папы только фрагменты тихих разговоров. Хотелось бы посетить архив в Алматы и соединить не достающие фрагменты. Спасибо за то что с таким теплом поведали нам историю семьи Шахворостовых. Вера