Forbes.com журналисі Джош Кацовиц әлемнің ең табысты боксшыларының жаңартылған рейтингін жариялады, деп жазады ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеп. Орта салмақтағы WBA (Super), WBC, IBF және IBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) бұл тізімде үшінші орынды қанағат тұтты. Ал өткен айда екінші болатын. «Егер Головкин Альвареспен айқаста жеңген жағдайда кепілдік берілген 3 миллион долларды алып бұл тізімде бірінші нөмірлі болар еді. Бірақ тең түсті, сондықтан «Канело» бірінші орынды сақтап қалды», - деп жазады сайт.
Ең табысты P4P-боксшылар:
1. Сауль Альварес (49-1-2, 34 КО)
2. Энтони Джошуа (20-0, 20 КО)
3. Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО)
4. Теренс Кроуфорд (32-0, 23 КО)
5. Василий Ломаченко (9-1, 7 КО)
6. Эррол Спенс (22-0, 19 КО)
7. Деонтей Уайлдер (39-0, 38 КО)
8. Дэниэл Джейкобс (32-2, 29 КО)
9. Мэнни Пакьяо (59-7-2, 38 КО)
10. Кит Турман (28-0, 22 КО)
11. Сергей Ковалев (30-2-1, 26 КО)
12. Майки Гарсия (37-0, 30 КО)
13. Джермалл Чарло (26-0, 20 КО)
14. Джермелл Чарло (30-0, 15 КО)
15. Мигель Котто (41-5, 33 КО).