Ирландиялық футболшы Кевин О'Коннор Рождествоға арналған лотереядан 1 млн еуро ұтып алды. Бұл жайлы The Irish басылымы жазды. Ойыншыға лотерея билетін Рождество сыйлығы ретінде оның нағашысы «Бар жақсылықты тілеймін» деген ниетпен берген. 22 жастағы О'Коннор Англия чемпионатының екінші дивизионы - чемпионшипте өнер көрсететін «Престон Норд Энд» командасының қорғаушысы.