Франция президенті Эммануэль Макрон Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстанға шақыртуын қабылдады, деп хабарлады ҚР-ның Франциядағы елшілігі.
«2017 жылдың 18 желтоқсанында Қазақстан Республикасының елшісі Жан Галиев Елисей сарайында Франция Республикасының президенті Э.Макронға сенім грамотасын тапсырды. Кездесу барысында дипмиссиясының басшысы франциялық басшыға Н.Назарбаевтың Астанаға шақыртуын тапсырды, ол өз кезегінде алғыспен қабылдады», - делінген сейсенбіде жарияланған хабарламада.
«Президент Э.Макрон Қазақстанның әлемдік және аймақтық мәселелерді шешу барысындағы рөлінің артуын жоғары бағалады. Ол Астанадағы сирияаралық мәселені шешуге арналған алаңның маңыздылығын атап өтті», - деп көрсетілген хабарламада.
Франция басшысы атап өткендей, 2018 жыл стратегиялық серіктестік және оны екі жақты форматта, сонымен қатар халықаралық ұйымдар арасында да қарқындату туралы келісімге 10 жыл толуына арналады.
«Э.Макрон сөз соңында Н.Назарбаевқа сәлем жолдап, жылы лебіздерін білдірді, жақын арада Қазақстанның басшысымен кездесетініне сенім білдірді», - деп түйінделген хабарламада.