Қаз   Рус

Қазақ киносы Лос-Анджелесте көрсетілді

15 қаралды
0
ҚазАқпарат
Четверг, 23 Ноя 2017, 11:00

21-24 қараша аралығында Лос-Анджелесте (АҚШ) Қазақстан киносының күндері өтуде.  Сабан театрында  «Spirit of the Great Steppe» - «Ұлы дала рухы» атты ұлы мәдени іс-шараның ресми бөлігі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бұл іс-шараны Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі АҚШ-тың Қазақстандағы Елшілігінің қолдауымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырды. Америкалық аудиторияға «Қыз Жібек», «Алмас қылыш», «Анаға апарар жол» және «Оскар» сыйлығына ұсынылған,  ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың балалық шағы туралы баяндалған «Балалық шағымның аспаны» фильмі ұсынылды.

Қазақстан делегациясын Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы басқарды. Ашылу салтанатында ведомство басшысы АҚШ-тағы ҚР Мәдениет және кино күндерін өткізу америкалықтардың қазақ мәдениетіне деген қызығушылығын тудырып, қазақ-америкалық мәдени байланыстардың дамуындағы жаңа кезеңге айналатынын атап өтті. «Бұл іс-шара екі ел арасындағы мәдени қарым-қатынас тарихында қалатыны  сөзсіз! «Spirit of the Great Steppe» - «Ұлы Дала Рухы» атты шарамыздың  көздеген мақсаты - америкалық көрермендерді  Қазақстанның бай ұлттық - мәдени мұрасымен таныстыру болып табылады», - деп атап өтті Арыстанбек Мұхамедиұлы. Аталған шараға  Қазақстанның  АҚШ-тағы елшісі - Ержан Қазыханов, белгілі мәдениет және қоғам қайраткерлері,  КСРО және Қазақстан Халық әртісі Асанәлі Әшімов, ҚР Халық әртісі Құман Тастанбеков, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Меруерт Өтекешова, ҚР Халық әртісі Айман Мұсаходжаева, режиссер Рүстем Әбдірашов, актриса Алтынай Нөгербек, Мадина Есманова және Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының өкілдері қатысты. Асанәлі Әшімов екі елдің мәдени қарым-қатынастарына арналған іс-шараның маңыздылығын атап өтті.


 

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
Дело «чёрных старателей» – КНБ vs МВД
- Вы бы летом туда приехали, сразу после задержания начальника полиции. по ночам вся степь от прожекторов сияла раскопки шли вовсю
13 лет на линии: ночной автобус № 3 остаётся надёжной альтернативой такси в Алматы
- Отдуши, оставили. 3 маршурут ,ведь этот маршурут многим экономит денги для тех кто ночию работают особенно молодеж ,ведь они. Рабоьают с фери обслужвание до последнего клиннта всякие бары кафе рестораны и другие всякие работы.
ЕНПФ объяснил, как работа в странах ЕАЭС учитывается при назначении пенсии
- Почему промолчали про учет стажа работы между государствами ЕАЭС до 1 января 1998 года, в договоре про это тоже написано. Или боитесь огласки, что в РК этот пункт договора игнорируют? А ну да, вы же пишите по материалам пенсионного фонда, а там этот пункт договора военная тайна... :)
В Алматы начат снос незаконного рынка Жетысу-Семиречье
- Такой хороший рынок,не надо ездить далеко на барахолку, можно все, практически все найти на этом рынке - вещи, продукты, стройматериалы, бытовую технику и т.д. Жаль если он тоже уйдет под снос.
Хроники Верного. "Секретные материалы" из старой папки
- Да, эта папка имеет огромную ценность. Я потомок из этой семьи, очень много конечно утеряно в советское время информации. Папа говорит что старики наши шепотом о тех временах говорили. Ушли те кто мог бы поведать всю историю семьи, а в воспоминаниях папы только фрагменты тихих разговоров. Хотелось бы посетить архив в Алматы и соединить не достающие фрагменты. Спасибо за то что с таким теплом поведали нам историю семьи Шахворостовых. Вера