14 ақпанда Украинада МАХАТ органдарына өтініш берген 1830 жұп үйленуді жоспарлап отыр
Әулие Валентин күнінде, 14 ақпанда, Украинада МАХАТ органдарына өтініш берген1830 жұп үйленуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды ҚазТАГ агенттігі Украинаның мемлекеттік тіркеу мәселесі жөніндегі әділет министрлігінің баспасөз орталығына сілтеп.
«Бүгінде 14 ақпанда 1830 жұп некелерін тіркеуге өтініш берді. Сондықтан, Әулие Валентин күні әділет министрлігі «Уақыттан тыс махаббат» акциясын енгізді: барлық ғашықтар тіпті түнде де мемлекеттік азаматтық хал актілерін тіркеу бөліміне өтініш беріп, егер ол осыған дейін осы күнге белгіленген болса некелерін тіркей алады», – деді мемлекеттік тіркеу мәселесі жөніндегі әділет министрінің орынбасары Елена Сукманова.
Ол сондай-ақ, атап өткендей, оны МАХАТ-тың 58 бөлімінде жасауға болады, олар 14 ақпан күні сағат таңғы 08.00-ден бастап түн жарымына дейін жұмыс жасайды.
МАХАТ органына некелерін тіркегісі келгендер ғана емес, сондай-ақ, күміс, алтын және гауһар тойларын атап өткілері келетіндер де хабарласа алады.