Қаз   Рус

Жұлдызды отбасылар айына қанша жұмсайды

328 қаралды
0
РАТЕЛЬ
Четверг, 16 Ноя 2017, 18:00

Шоу бизнес өкілдері ең төменгі күнкөріс мөлшерін құрайтын 28 мың теңгеге бір ай тұрмақ, бес күн өмір сүре алмайтындарын айтты

«Музарттық» Кенжебек ЖАНӘБІЛОВТІҢ отбасылық шығындарының айлық бюджеті – 2 млн теңге. Медеу АРЫНБАЕВ  болса, қос  перзентінің керек-жарағына 200 мың теңге жаратады екен. Бақуатты өмір сүруге дағдыланған жұлдыздар, ең төменгі күнкөріс мөлшері, яғни 28 мың теңгені қанша уақытта жұмсайды? Бұл сұрақтың жауабын НТК арнасының Ревю бағдарламасы тілшілері анықтап көріпті.  

Оқи отырыңыз
Қайрат Нұртастың әйелі пиар үшін сынға ұшырады

Кенжебек Жанәбілов, «Музарт» тобының әншісі:

– Айына есептесем, киімі бар, тамағы бар миллион жарым, екі миллионға жуық кетіп қалады екен. Өзімнің жеке шығармашылығымнан бөлек.

Кенжебектің бұл шығыны егіз қызы мен ұлының үйірмелерін  төлеп, «тамағын тоқ, көйлегін көк етуге» жұмсалады. Ал, жалғыз басты әке Медеу Арынбаевтың отбасылық шығыны, Жанәбіловтер жанұясымен салыстырғанда әлдеқайда аз. Дегенмен, кемі – 200 мың теңге  шаңырақтың бюджетіне ай сайын құйылып отырады.

Медеу Арынбаев, әнші:

– Азық -түлік бар, жүріс-тұрысы бар. Әрине, ұл-қызымның өсе келе қаржылай талабы да өсіп жатыр. Биіне де барады, балам тренировкасына барады деген сияқты.

28 мың 284 теңге! Шенеуніктердің ең төменгі күнкөріс мөлшерін, осы қаражатқа теңегенін естіген жұлдыздар жаға ұстайды. Себебі, өздері күректеп тапқан табыстарын, кейде жеткізе алмай тығырыққа тіреледі екен.

Сәкен МАЙҒАЗИЕВ, «Музарт» тобының әншісі:

– Мәссаған! Қиналып біз де мына ақшаны қайда жеткізсек екен деп, біреуден қарыз алып кететін күндеріміз болады. Жасырмай-ақ қояйық. Жанармайға ақша таппай қалатын кездеріміз болады.

Оқи отырыңыз
«Боратшылдарға» рақмет айту керек

Дегенмен, кейбір жандар тиындап бір айға жеткізетін осы отыз мыңға жуық қаражатты, енді бірі әп-сәтте жұмсап жіберетіндерін де жасырмайды.

Ақылбек ЖЕМЕНЕЙ, әнші:

– Сони плейстейшннің бір дискісін сатып алуым мүмкін. Ол – 25 мың, 20 мың, 30 мың тұрады.

Саят МЕДЕУОВ, әнші:

– Жарты сағаттың көлемінде, мүмкін достарыңмен отырып тамақ алуың мүмкін.

Молшылықта өмір сүруге дағдыланған жұлдыздар – ең төменгі күнкөріс мөлшері ретінде белгіленген 28 мың 284 теңгеге бір ай тұрмақ, бес күн өмір сүре алмайтындарын мойындайды. 

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
В Алматы врачи ГКБ №7 полностью реабилитировали пациента после тяжелейшей травмы таза и мочеполовой системы
- Больше похоже на PR-акцию чем на правду. Обычно в ГКБ-7, как и в других больницах, редкостные с... Меня пару раз привозили туда при острых приступах воспаления поджелудочной. Могли бы просто прокапать, но каждый раз делали кучу анализов, потом отправляли подальше. Один раз даже в инфекционную... Каждый раз там в приемной куча больных ором орет от равнодушия врачей...
Любое учреждение, где есть дети, смогут проверить без предупреждения в Алматы
- Благодарим Жанат, очень своевременная программа. Желаем вам и вашей команде успехов. Мне хотелось бы поучаствовать, быть полезной в вашей работе.
Как в Казахстане можно пятнадцать лет не исполнять решение суда
- Не удивительно,у меня есть решение суда с 2008 и не исполнено по сей день,на сумму 3000млн.тенге,хотя исполнительный находится у ЧСИ,вроде как решение суда не имеет ни какой силы,должникам закон не писан!
Ушел из жизни Юрий Мизинов
- Очень жаль, что в Казахстане очень мало таких журналистов каким был Юрий Мизинов.
Когда правительство возьмётся за яйца
- Просто шедевральная статья. Особенно в точности описывает функции партий, которые описаны в данной статье. Изречения которые должны быть прочитаны и приняты во внимание. Самое главное чтобы данный ежедневник был прочитан и принят во внимание. (Про выражение где фигурирует Троцкий просто ШЕДЕВРАЛЬНО и в точку)...
Отчего после публикаций Ratel.kz нервничают в ТОО "AB Energo"
- Сергей, ОГРОМНОЕ Вам спасибо за новое расследование. Всегда держите в напряжение. Ожидаем продолжение... (Интересно, что скажет ещё на это и ГУ "Аппарат акима Абайского района Карагандинской области)