Қаз   Рус

Қызылордалық жігіт қызына азғындық жасады деп айыпталды

947 қаралды
0
Айнұр ТӨЛЕШОВА
Четверг, 18 Янв 2018, 09:00

Күдіктінің анасы полиция тергеу жұмыстарын дұрыс жүргізбеді дейді

Қызылорда облысында 33 жастағы азамат өгей қызына азғындық әрекет жасады деген күдікпен қамауға алынды. Бұл жайлы полицияға азаматтық некедегі әйелі хабарлаған.

11 жасар жәбірленуші қыздың анасы Жанна САЛЫБАЕВА күдікті Нұрлан РАХИЕВПЕН 2009 жылы отбасын құрған. Сол сәтте жас келіншек өзімен бірге 2 жастағы қызын ертіп барыпты. Бүгінгі күні жұптың ортақ 4 баласы бар. Өгей әкесінің жасаған әрекетін қызының өзі айтып беріпті. Қазір Жанна Салыбаева балаларымен Қызылордадағы әйелдерге арналған дағдарыс орталығында.

«Қызымды бір жылға жуық уақыт үрейде ұстаған. Жасаған әрекетімді біреуге айтсаң өлтіремін деп қорқытқан. Төбемнен жай түскендей болды. Күйеуім екеуміз 10 жылға жуық бір шаңырақтың астында тұрамыз. Соған қарамастан азаматтық некедеміз. Талай мәрте үйімізде жанжал, төбелес болатын. Сол себептен де ресми түрде некеге отырмадық. Шынымды айтсам, балаларымды алып кетіп қалатын жерімде болмады. Бірақ, жағдайдың дәл осылайша асқынып кетеді деп ойламап едім», - дейді Жанна Салыбаева.

Күдікті Нұрлан Рахиевтің анасы келінінің сөздерімен келіспейді.

«Ұлыма жазықсыз жала жабылып отыр. Ол өгей қызын өз қызындай көрді. Ештеңеден таршылық көрмеді. Маңдай терімен нан тауып жүрді. Қылмыстық істе бірінші азғындық әрекет 2016 жылдың желтоқсан айында болса, 2017 жылдың қаңтар айында тағы қайталанған делінген. Бірақ сол кезден бері қаншама уақыт өтті. Неге сол кезде айтылмады. Қызды қорқытып ұстады дегенге мен сенбеймін. Күнделікті алдымызда күліп – ойнап жүрген қыз. Мүлдем сене алар емеспін. Оның үстіне тергеушілер де істі дұрыс жүргізген жоқ», - дейді Алмакүл ҚҰЛАХМЕТ.

Қазір тергеу жұмыстары аяқталып, бұл іс сотқа жолдау үшін қалалық прокуратураға тапсырылған.

«Тергеу жұмыстары барысында күдіктінің кінәсі толықтай дәлелденді. Арнайы сараптама жүргізіліп, оң қорытынды берілді. Жәбірленушімен психолог мамандар жұмыс жасады. Қазіргі таңда күдікті өз кінәсін мойындап отырған жоқ. Егер сот оны айыпты деп таныса, азамат 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін», - деді тергеуші Табиғат ЕРКІНБЕКҰЛЫ.

Фото автордікі.

 

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
В Алматы врачи ГКБ №7 полностью реабилитировали пациента после тяжелейшей травмы таза и мочеполовой системы
- Больше похоже на PR-акцию чем на правду. Обычно в ГКБ-7, как и в других больницах, редкостные с... Меня пару раз привозили туда при острых приступах воспаления поджелудочной. Могли бы просто прокапать, но каждый раз делали кучу анализов, потом отправляли подальше. Один раз даже в инфекционную... Каждый раз там в приемной куча больных ором орет от равнодушия врачей...
Любое учреждение, где есть дети, смогут проверить без предупреждения в Алматы
- Благодарим Жанат, очень своевременная программа. Желаем вам и вашей команде успехов. Мне хотелось бы поучаствовать, быть полезной в вашей работе.
Как в Казахстане можно пятнадцать лет не исполнять решение суда
- Не удивительно,у меня есть решение суда с 2008 и не исполнено по сей день,на сумму 3000млн.тенге,хотя исполнительный находится у ЧСИ,вроде как решение суда не имеет ни какой силы,должникам закон не писан!
Ушел из жизни Юрий Мизинов
- Очень жаль, что в Казахстане очень мало таких журналистов каким был Юрий Мизинов.
Когда правительство возьмётся за яйца
- Просто шедевральная статья. Особенно в точности описывает функции партий, которые описаны в данной статье. Изречения которые должны быть прочитаны и приняты во внимание. Самое главное чтобы данный ежедневник был прочитан и принят во внимание. (Про выражение где фигурирует Троцкий просто ШЕДЕВРАЛЬНО и в точку)...
Отчего после публикаций Ratel.kz нервничают в ТОО "AB Energo"
- Сергей, ОГРОМНОЕ Вам спасибо за новое расследование. Всегда держите в напряжение. Ожидаем продолжение... (Интересно, что скажет ещё на это и ГУ "Аппарат акима Абайского района Карагандинской области)