Қаз   Рус

Шетелдікпен некедегі азаматтарға жер берілмейді

277 қаралды
0
Ратель
Среда, 29 Ноя 2017, 16:45

Депутаттар жер қатынастары туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады

Мәжілісте бүгін жер дауынан кейін әзірленген кейбір заңнамалық актілерге жер қатынастарын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы бірінші оқылымда қаралды деп хабарлайды sputnik.kz

Жаңа заң жобасында шетелдіктерге, сондай-ақ, Қазақстанның шетелдіктермен некеде тұрған азаматтарына, азаматтығы жоқ адамдарға жер беруге тыйым салынады.  

Оқи отырыңыз
Мораторий жарияланса да жер сатылып жатыр

Заң жобасы Жер комиссиясы жұмысының қорытындысы және осы саланы жүйелендіруге қатысты министрліктің ұсыныстары негізінде дайындалған. 

Заң жобасына сәйкес, шекара аумағындағы ауыл шаруашылығы жерлерін пайдалану талаптары  да күшейтіліп отыр. 

«Заң жобасында шекаралық белдеу мен шекара аумағында орналасқан жер учаскелерін шетелдіктерге, азаматтығы жоқ адамдарға, Қазақстан Республикасының шетелдіктермен некеде тұрған азаматтарына немесе шетелдік заңды тұлғаларға және Қазақстан Республикасының құрамында шетелдіктер бар заңды тұлғаларына беруге тыйым салынады», — деп баяндады бүгін мәжілістің жалпы отырысында премьер-министрдің орынбасары, Ауыл шаруашылығы министрі Асқар МЫРЗАХМЕТОВ. 

Мемлекеттік шекараның аумағында орналасқан ауыл шаруашылығы жерлері тек Қазақстан азаматтары мен заңды тұлғаларына ғана жалға беру құқығы бойынша берілетін болады. 

Ал, мемлекеттік шекараның шекаралық белдеуінде орналасқан жерлер қазақстандықтарға да берілмейді. Министрдің айтуынша, бұл аумақтарда ауыл шаруашылығы жерлерін жергілікті халықтың мұқтаждығы, яғни, жайылым, шабындық ретінде ғана пайдалануға рұқсат етілмек.

«Заң жобасында жергілікті тұрғындардың ауыл малына жайылымдық жердің  жетіспеушілігін шешу мақсатында елдімекендер айналасында жайылым алаңдарын айқындайтын норма көзделуде. Осы мақсатта айқындалған жайылымдарды Қазақстанның жеке және заңды тұлғаларына жалға беруге тыйым салынатын болады. Бүгінгі күні елдімекендердің маңындағы жайылымдардың көбі жеке және заңды тұлғаларға беріліп кеткендігін ескеріп, әкімдіктерге ол жерлерді қайтару үшін мемлекеттік мұқтажға жатқызу құқығы беріліп отыр», — деді Мырзахметов. 

Оқи отырыңыз
Жаңа жылға дайындық Тәуелсіздік күнінен соң басталады

Еске сала кетсек, былтыр елімізде жер дауы туындап, халық біраз дүрліккен болатын. Ел азаматтары жер кодексіне енгізілген бірнеше өзгеріске, атап айтқанда ауылшаруашылығы мақсатындағы жерді қазақстандықтарға сату және шетелдіктерге жалға беру мерзімін ұзартуға қарсылық танытып, бірнеше өңірде митинг те өтті.

Осыдан кейін президент жер кодексіндегі бұл өзгерістердің күшіне енуіне мораторий жариялап, жер реформасы жөніндегі комиссия құруды тапсырды. Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев, кейін оның орынбасары, ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов төрағалық еткен, құрамына жетпістен астам адам кірген комиссия жаз бойы жұмыс істеді. Оның жұмысының қорытындысы бойынша маңызды ұсыныстар әзірленіп, заң жобасы әзірленді. 

Комиссияның ұсынысы бойынша Қазақстан президенті қолданыстағы мораторийдің мерзімін 5 жылға, яғни 2021 жылдың 31 желтоқсанына дейін ұзартты.

 

Фото: antikor.com.ua

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
13 лет на линии: ночной автобус № 3 остаётся надёжной альтернативой такси в Алматы
- Отдуши, оставили. 3 маршурут ,ведь этот маршурут многим экономит денги для тех кто ночию работают особенно молодеж ,ведь они. Рабоьают с фери обслужвание до последнего клиннта всякие бары кафе рестораны и другие всякие работы.
ЕНПФ объяснил, как работа в странах ЕАЭС учитывается при назначении пенсии
- Почему промолчали про учет стажа работы между государствами ЕАЭС до 1 января 1998 года, в договоре про это тоже написано. Или боитесь огласки, что в РК этот пункт договора игнорируют? А ну да, вы же пишите по материалам пенсионного фонда, а там этот пункт договора военная тайна... :)
В Алматы начат снос незаконного рынка Жетысу-Семиречье
- Такой хороший рынок,не надо ездить далеко на барахолку, можно все, практически все найти на этом рынке - вещи, продукты, стройматериалы, бытовую технику и т.д. Жаль если он тоже уйдет под снос.
Хроники Верного. "Секретные материалы" из старой папки
- Да, эта папка имеет огромную ценность. Я потомок из этой семьи, очень много конечно утеряно в советское время информации. Папа говорит что старики наши шепотом о тех временах говорили. Ушли те кто мог бы поведать всю историю семьи, а в воспоминаниях папы только фрагменты тихих разговоров. Хотелось бы посетить архив в Алматы и соединить не достающие фрагменты. Спасибо за то что с таким теплом поведали нам историю семьи Шахворостовых. Вера
Скотч, камча и стигма: как страх перед психиатрией едва не стоил жизни молодой матери
- Все верно. Самое тяжелое это предательство мужа в такой ситуации. Задумываешься - стоит ли жить с человеком, на которого нельзя положиться.