Қаз   Рус

Сейітқазы Матаев шартты түрде мерзімінен бұрын бостандыққа шығады

72 қаралды
0
Ратель
Пятница, 17 Ноя 2017, 10:15

Сот журналистті басқарушылық қызметті атқару құқығынан айыру түріндегі қосымша жазадан босатпады

Қарашаның 16-сы күні Алматы облысы, Қапшағай қалалық соты Қазақстан журналистер одағының бұрынғы төрағасы Сейітқазы МАТАЕВТЫ шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтінішін қанағаттандырды деп хабарлады «Әділ Сөз» Қоғамдық Қоры. С.Матаевтың қорғаушысы Мадина Бакиева  сот шешімі егер наразылық болмаса 15 күнтізбелік күннен кейін заңды күшіне енетінін мәлімдеді.

Алайда М.Бакиеваның айтуынша, Сот С.Матаевты мемлекеттік, коммерциялық мекемелерде ұйымдастырушылық-таратушылық, материалдық жауапкершілікпен байланысты басқарушылық қызметті атқару құқығынан айыру түріндегі қосымша жазадан босатпады.

Отырыстың басында С.Матаевтың қорғаушылары Мадина Бакиева мен Андрей Петров істің материалына ауру тарихы мен өзге де медициналық құжаттар негізінде жасалған «Аман-Саулық» ҚҚ-ның медициналық қорытындысын қосуға өтініш берді.

Қордың медициналық қорытындысында С.Матаевқа III дәрежелі гипертония ауруы диагнозы қойылған, ауру кенеттен күрт асқынған кезде оның қан қысымы 260-қа дейін көтерілуі мүмкін деп атап көрсетілген. Осы ретте, кінәсіздігіне толық сенгендіктен, сонымен қатар үкімнің әділетсіз және бас бостандығынан айыру мекемесінде әрқашан күйзелісте болуына және эмоциялық тұрғыда қысым көрсетілуіне байланысты оның жағдайы нашарлауда  деп баса айтылған. Сондай-ақ, мүгедектікке және өліммен аяқталатын жағдайға алып келуі мүмкін миокард инфарктына алып келуі мүмкін деп көрсетілген.

«Аман Саулық» қорының қорытындысын С.Матаев отырған колонияның медсанбөлімі толығымен растады. Бұдан басқа, ол С.Матаевқа осы мекемеде көрсетіле алмайтын медициналық көмек керек екенін баса айтты.

Қорғаушылар ҚазТАГ ХАА ЖШС-дан С.Матаев босатылғаннан кейін редактор қызметін атқаратыны туралы, сонымен қатар, Қазақстанның журналистер одағынан С.Матаев қызметтегі төрағасы қызметін атқаратыны туралы кепілдік хат алып келді.

Өз кезегінде, түзеу мекемесінің өкілі С.Матаевтың қорғаушыларының сөзін толығымен растады, дәлірек айтсақ оның мінезінің жақсы екенін, қатаң қадағылауды қажет етпейтінін және мерзімінен бұрын шартты түрде босатуға болатынын растады.

Осы ретте, іске қатысып отырған прокуратура өкілдері С.Матаевты мерзімінен бұрын шартты түрде босату бойынша келтірілген бір де бір аргументке қарсы шықпады. Алайда отырыс соңында С.Матаев бір рет жеңілдік ала алатынын және де 200 млн теңге көлемінде келтірілген шығынның өтелмегенін айта келе, мерзімінен бұрын шартты түрде босату туралы өтініш қанағаттандыруға жатпайтынын мәлімдеді.

С.Матаевтың өзі сот отырысына видеоконференция арқылы қатысты. 

Дереккөз: "Әділ сөз"

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
На Каспии начались военные учения Хазар қорғаны-2026
- Как профессиональный процессник не могу пройти мимо. Люди, Процессы, Технологии - фундамент любой организации - и задача руководства обеспечить слаженность взаимодействия этих трех составляющих. Не понимание этих фундаменталых основ - к сожалению бич нашего времени. Копни в любое министерство или частную компанию - везде одно и то же - нет должного внимания к этим фундаментальным блокам - как результат трагедии, финансовые потери и невозможность быть конкуретноспособным)). Алга Казахстан!)
Масоны Казахстана: кто они и чем занимаются на самом деле
- Вторая статья о масонах!!! Что делается?! И правильно делают, что относятся с осторожностью, след в истории оставили уже. Работают с расчетом на века!
В Алматы произошло землетрясение интенсивностью 3–4 балла
- Оповещаеие должно быть на ясно казахском и на русском , то что сегодня оповестили на ломанном казахском не понятно для многих людей , даже казахской национальности
102 километра в объезд Сарыагаша
- Отличная новость. У меня вопрос где начинается и где заканчивается, вернее где съезды этой дороги?
Как Олжас Сулейменов стал жертвой фейка
- В конце 90х гг., когда еще не было интернета в нашем селе, я училась в 9 классе, в учебнике русской литературы был именно этот стих О.Сулейменова, который начинался так "Айналайын - чудесное слово, жаль, что его русский не поймет.."
Любое учреждение, где есть дети, смогут проверить без предупреждения в Алматы
- Благодарим Жанат, очень своевременная программа. Желаем вам и вашей команде успехов. Мне хотелось бы поучаствовать, быть полезной в вашей работе.
Как в Казахстане можно пятнадцать лет не исполнять решение суда
- Не удивительно,у меня есть решение суда с 2008 и не исполнено по сей день,на сумму 3000млн.тенге,хотя исполнительный находится у ЧСИ,вроде как решение суда не имеет ни какой силы,должникам закон не писан!