Адамның ойына келмейтін «данышпан» идеяларын тықпалап, тыныштық табар емес, шіркіндер
Біреуі «Үш тұғырлы тіл» деді.
Екіншісі «Ағылшын тілін 1-сыныптан бастап оқытайық» деді.
Үшіншісі «Физика, математика, химия, биологияны ағылшынша оқытайық» деді.
Төртіншісі «Қазақ тілі мен қазақ әдебиетін біріктіріп, бір пән етейік» деді.
Бесіншісі «Қазақ әдебиетін ағылшынша оқытайық» деді...
Бірінен-бірі асып түсу үшін дені дұрыс адамның ойына келмейтін «данышпан» идеяларын тықпалап, тыныштық табар емес, шіркіндер.
Надандардың майданы қыза түсті. «Парасат майданы» емес. ПОРОСЯТ МАЙДАНы!
Дереккөз: Сәкен Сыбанбайдың Fasebook-тағы жазбасынан алынды. Автордың рұқсатымен алынды.