Қаз   Рус

Мереке күні Павлодарда жол ақысы қымбаттады

217 қаралды
0
Әйгерім ЖЕТПІСОВА
Пятница, 01 Дек 2017, 15:30

Қала тұрғындары бүгіннен бастап қоғамдық көлікте 80 теңге төлейтін болады

Тасымалдаушылар бастапқыда жол ақысын 70 теңгеден 90 теңгеге бір-ақ көтеруді ұсынған екен. Алайда, мәслихат депутаттары тұрғындардың пікірін ескере келіп, 10 теңгелік өсімді қабылдап, дауыс беріпті. Жол ақысының қымбаттауына тасымалдаушы компаниялар шығынының артып, кірісінің кемуі себеп болған. 

Бұл туралы Павлодар қаласы әкімдігінің баспасөз хатшысы Салтанат ӘКІМБЕКОВА хабарлады:

- Тасымалдаушы компаниялар ұсынған есептердің бәрі мұқият зерттелді. Биыл қосалқы бөлшектер мен коммуналдық қызмет құны өскен.Сондай-ақ, биыл жанар-жағармай бағасы да қымбаттады. Осы жайттар ескеріліп, жол ақысын 10 теңгеге көтеру шешімі шығарылды,- дейді ол.

Ал мектеп жасына дейінгі балалар қоғамдық көліктерде бұрынғыдай тегін қатынай алады. 7 жастан 15 жасқа дейінгі жеткіншектер мен зейнеткерлерге арналған жеңілдіктер де сақталады. Десе де, жол ақысының 10 теңгеге қымбаттауына риза болып жатқан адам жоқ.

«Тамақ та, дәрі де, киім де қымбат. Енді, міне жол ақысын да көтеріпті. Шыдаймыз, көріміз, көнеміз. Бұрын автобуста 35 теңге төлесем, енді 40 теңге берем. Біреуге бес теңге ақша емес, шығар. Бірақ, жалғыз зейнетақыға қарап отырған біз үшін әр тиын маңызды», - дейді зейнеткер Ілияс ІСЛЯМҰЛЫ.

«Стипендия аламыз, өзіміздің тамағымыз бен жолақымыздан аспайды. Одан басқа оқу-құралдарын алуға жетпей қалалды мысалға. Өзіміз жеткізе алмай жатқанда оның үстіне жол ақысы көтеріліп жатыр. Қызылорданың тумасымын. Бөтен қалада өмір сүру оңай емес қой. Әсіресе, бәрі шарықтап жатқанда», - дейді студент Марғұлан НАҒАШЫБАЙ.

Оқи отырыңыз
Павлодарда 80 жастағы кейуананы зорлады деп айыпталған жігітке сот үкімі шықты

Облыс орталығында күніне қоғамдық көлік қызметіне 260 мыңға жуық адам жүгініп, 159 автобус пен 77 трамвай жолаушы тасымалдайды екен. Ал жол ақысының құны соңғы рет шаһарда былтыр тамызда көтерілгенін айта кетейік. Десе де, шенеуніктердің жағымды жаңалығы да жоқ емес. 1-ші қаңтардан бастап керекулік оқушылар мен студенттер қоғамдық көліктерде тегін қатынайды деп күтілуде.

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
13 лет на линии: ночной автобус № 3 остаётся надёжной альтернативой такси в Алматы
- Отдуши, оставили. 3 маршурут ,ведь этот маршурут многим экономит денги для тех кто ночию работают особенно молодеж ,ведь они. Рабоьают с фери обслужвание до последнего клиннта всякие бары кафе рестораны и другие всякие работы.
ЕНПФ объяснил, как работа в странах ЕАЭС учитывается при назначении пенсии
- Почему промолчали про учет стажа работы между государствами ЕАЭС до 1 января 1998 года, в договоре про это тоже написано. Или боитесь огласки, что в РК этот пункт договора игнорируют? А ну да, вы же пишите по материалам пенсионного фонда, а там этот пункт договора военная тайна... :)
В Алматы начат снос незаконного рынка Жетысу-Семиречье
- Такой хороший рынок,не надо ездить далеко на барахолку, можно все, практически все найти на этом рынке - вещи, продукты, стройматериалы, бытовую технику и т.д. Жаль если он тоже уйдет под снос.
Хроники Верного. "Секретные материалы" из старой папки
- Да, эта папка имеет огромную ценность. Я потомок из этой семьи, очень много конечно утеряно в советское время информации. Папа говорит что старики наши шепотом о тех временах говорили. Ушли те кто мог бы поведать всю историю семьи, а в воспоминаниях папы только фрагменты тихих разговоров. Хотелось бы посетить архив в Алматы и соединить не достающие фрагменты. Спасибо за то что с таким теплом поведали нам историю семьи Шахворостовых. Вера
Скотч, камча и стигма: как страх перед психиатрией едва не стоил жизни молодой матери
- Все верно. Самое тяжелое это предательство мужа в такой ситуации. Задумываешься - стоит ли жить с человеком, на которого нельзя положиться.